Жаңалықтар

Астанада оныншы мешіт есігін айқара ашты (ФОТО)

Астана қаласында "Ақ мешіт" мешітінің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты.

 

Салтанатты рəсім қасиетті Құран аятымен ашылды. ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алғашқы сөзді Бас мүфтиге ұсынды.

 

"Мешіт – сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, игілік пен ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің, барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені. Мешіт – Алланың үйі. Адамзат баласының рухани тұрғыдан дамуы мен пенденің тұлабойына адамгершілік құндылықтарды ұялатуда мешіттің орны қашан да маңызды. Қазақ топырағында бой көтерген мешіттердің тәлім мен тағылымның, білім мен ғылымның рухани ордасына айналғаны осының айғағы. Бұл мешіт құлшылықтың ғана ордасы болып қалмай, рухани һәм мәдени-ағарту, қоғамдық келісім мен бірлік пен берекенің ошағына айналады деген сенімдемін. Жаңа мешіт, сонымен қатар салт-дәстүріміздің, тағылымға толы тарихымыздың насихатшысы, діни һәм ғылыми жаңалықтардың әрі қайырымдылықтың орталығы болады. Расында, өмірдің тіршіліксіз, ал тіршіліктің құлшылықсыз құны жоқ. Ислам діні тіршілік пен құлшылықты қатар үйлестіріп, өнегелі өмір салтын сабақтастырып, ғұмыр кешуге үндейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің қасиетті хадис-шарифінде: «Алла Тағала мешітті жақсы көрген пендені жақсы көреді», – деген. Тағы бір хадисте айтылғандай, «мешіт салған адам үшін Алла Тағала жәннатта сарай тұрғызады». Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс! Осы ретте мешітті салған азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін", - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

 

Осыдан кейін Бас мүфти жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді.

 

Айта кетейік, "Ақ мешітте" бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында медресе салынған.

 

Бас мүфти бұйрығымен белгілі дін қызметкері Дәурен Мүслімов "Ақ мешіттің" Бас имамы қызметіне тағайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тақырып бойынша жаңалықтар

ҚМДБ: Күллі мұсылман үмбеті қаралы хабардан қара жамылды
Кеше, қасиетті жұма күні Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласында қандықол қылмыскерлер екі мешітте оқ жаудырып, 50-ге жуық мұсылманның өмірін жалмады. Күллі мұсылман үмбеті қаралы хабардан қара жамылып отыр.​ ​ ​ ...
Қаралы отбасыға «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен баспана беріледі (ФОТО)
Тілсіз жаудың құрбанына айналған бес періштенің бүгін жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына табысталды. Қара жамылған отбасының қайғысына ортақтасуға жиналған Елорда тұрғындары жан-жақтан жанашыр лебіздерін білдіріп, қолдан келген көмектерін көрсету үстінде....
«Бәйкен» мешітіне жаңа имам тағайындалды (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы және «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры қызметтерінен босат...
ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте мәлімдеді, - деп хабарлайды Azan.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап....
«Астана - мейірімді қала» жобасы жүректерге жылу сыйлады (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бүгін қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшы қауымның жүректеріне жылу сыйлауға тырысты.
Алматыда Қонаев атындағы мешіт ашылды (Фоторепортаж)
Бүгін, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ шағын ауданында жаңадан салынған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мешіттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

«Астана - мейірімді қала» жобасы жүректерге жылу сыйлады (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бүгін қала көшелерін аралап, қоғамдық жұмысшы қауымның жүректеріне жылу сыйлауға тырысты.
КФС-ге берілген «ҚМДБ халал сертификаты» өз күшін жойды
Мекемеге берілген «ҚМДБ Халал» сертификаты мен «КФС» өнімдерінің сыртқы қаптамаларындағы «ҚМДБ халал» таңбасының өз күшін жойғандығын хабарлаймыз.
Бас муфти Әбу-Дабиде өтіп жатқан Халықаралық форумға қатысуда(ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ресми сапармен Біріккен Араб Əмірлігіне барды.
ҚМДБ: «Тәлімгер пайғамбар тағылымы» кітабының тұсауы кесілді(ФОТО)
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Тәлімгер пайғамбар тағылымы» атты жаңа кітап жарық көрді....
Тұңғыш рет: Мәуліт жыры домбырамен орындалды(ФОТО)
Жуырда Алматы қаласында Республика сарайында мәуліт кеші өтті. Көптің тілеуіне орай, белгілі айтыскер ақын, сазгер, жыршы-термеші Жәкен Омаров мәуліт жырын өзі жазып, әрі домбыраның сүйемелдеуімен қазақы мақаммен өзі орындап шықты....
Алматыда бір жылда 164 348 отбасына көмек көрсетілді(ФОТО)
Есепті кездесуде Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқаев бір жылда шаһар имамдары қайырымдылық бағытында 1025 игі іс-шара өткізгенін атап өтті. Оның мəлімдеуінше, жыл басынан бері 164 348 əлеуметтік аз қамтылған отбасы мен жеке азаматтарға көмек көрсетілген....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Раджаб 1440
Миләди
25 наурыз 2019
Намаз уақыттары
қазір

Екінті 17:22

Ақшамға дейін 00:19

Верховный муфтий: Достижения Казахстана неразрывно связаны с именем Нурсултана Назарбаева

Если наш бывший президент сделал столько для своего народа, он безусловно заслуживает что бы его име

Abylai Kamzin
22 нау. 2019

"Музыкальный" намаз

Самое смешное и тупое когда еще такая музыка тойская :D

Жандос Ұлан
20 нау. 2019

Новая исламская платежная карта в Казахстане

Получил данную карту, правда пока не воспользовался.

Жандос Ұлан
20 нау. 2019

Пророк Мухаммад (да благословит его Аллах и приветствует) сказал:

Хотелось бы побольше его лекций. Они эти лекции лечат наши души ...Например "Моё эго - мой враг"

Марьям ханафитка
16 нау. 2019

Мусульманам на заметку

В чтении книги, момент перелистывания страницы - любовь.

Abylai Kamzin
15 нау. 2019
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi