Алматыда бір жылда 164 348 отбасына көмек көрсетілді(ФОТО)
Алматыда Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен жылдық қорытынды есепке арналған төралқа мәжілісі өтті.
Есепті кездесуде Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқаев бір жылда шаһар имамдары қайырымдылық бағытында 1025 игі іс-шара өткізгенін атап өтті. Оның мəлімдеуінше, жыл басынан бері 164 348 əлеуметтік аз қамтылған отбасы мен жеке азаматтарға көмек көрсетілген.
Сонымен қатар, тасқын судан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындарға 15 тоннадан астам тұрмысқа қажетті заттар жеткізілген.
Діни ағарту саласы бойынша, Алматы мешіттерінде бір жылда 7 822 адам сауат ашқан.
Айта кетейік, Алматыда 50 мешіт қызмет етуде. Онда 221 дін қызметкері жұмыс істейді.