АЛМАТЫ: "ОТБАСЫМ БАҚЫТ МЕКЕНІМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, "Ақсай" мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "ОТБАСЫМ БАҚЫТ МЕКЕНІМ" атты тренинг өтті. Дін мен дәстүр бағытында ұйымдастырылған іс-шара отбасындағы әйел адамның міндеттері мен бала тәрбиесінде заманауи үлгілер мен тәжиребелері қарастырылды.
Адам баласының ең қымбат байлығы отбасы. Отан - отбасынан басталады десек, тренинг мақсаты да алдымен отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеп, жастардың дәстүрімізді сақтауды насихаттау. Өкінішке орай отбасының ауызбіршілікте өмір сүруі біршама қиындық тудыратын факторлар жиі кездеседі. Тақырыпты ашу үшін арнайы "Бекет ата" мешітінен шақырылған маман, білікті Маржан ұстаз өзінің сабағын ғылыми және қарапайым тілде өте жақсы жеткізіп берді. Сондай-ақ ене мен келіннің тату-тәтті қатынаста өмір сүруі жайлы кеңестер айтылды. Діни сауат ашу курсында оқып жүрген шәкірттер Құсманқызы Алтын апай мен келіні Мәденқызы Елжан 23 жылдан бері ана мен қызындай ауызбіршілікті ұстанған аналар. Ене мен келіннің татулығының сыры адамгершілікті, түсіністікті, бір-бірін құрметтеуді талап ететін құндылықтардан тұратынын көрсетті. Келген жамағат көңілдері босап, үлкен ғибратты әңгімеге куә болды. Кеш соңында қонақтар мен жамағатқа арнайы сыйлықтар таратылды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі