АЛМАТЫ: «АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті бағыттың бірі – қайырымдылық бағыты. Осыған орай, Алматы қаласы, Алмалы ауданына қарасты «Төле би» мешітінде «Алтын құрсақты аналарға тосын сый» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Аталмыш шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат қажы Омаров, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және Алмалы ауданының Бас имамы Ерсін қари Әміре қатысты. Қайырымдылық акция барысында 100 батыр анаға 30 келіден тұратын 3 тоннадан астам азық-түлік өнімдері жиынтығы үлестірілді. «Алтын құрсақты аналарға тосын сый» жобасы көп балалы аналарға тосын сый болып, шындығында қуаныш сыйлады. Алтын құрсақты аналар қайырымдылық көмекті ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі