Алматы: әйел ұстаздар ауызашар дастарханынан дәм татты
Алматы қалалық мешіттерінің әйел ұстаздары Орталық мешітте қонақта болып, өкіл имамның ауызашар дастарханынан дәм татты.
Алматы қалалық Орталық мешітінің бас ұстазы Талғат Сапанов Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізе отырып, ұстаздар қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар, мешіт жамағатының діни сауатын ашып, имандылыққа бастап жүрген, әрине, білімді де білікті ұстаздар екенін айтып, қашанда ұстаздарын ардақтаған елдің мәртебесі биік болатынын жеткізді.
Осы ретте Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Алматы қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты қызметшісі етіп Игілікова Айнұрды 2019 жылдың мамыр айынан бастап тағайындағанын мәлімдейміз.
Игілікова Айнұр Жархынбекқызы
1988 жылдың 1-шілде күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге
келген.
Білімі мен біліктілігі:
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 2011-2015 жылдары исламтану мамандығының бакалавр және 2015-2018 жылдары осы мамандықтың магистрлік білімдерін алған.
Жалпы еңбек өтілі: 7 жыл
- 2012-2015 ж Орбита-3» мешітінде ұстаздық қызмет еткен;
- 2016 жылдан бастап «Таугүл-3» және «Алғабас» мешіттерінде ұстаздық қызмет атқарған.
Қызығушылығы: кітап оқу, өзін-өзі дамытатын семинар, тренингтерге қатысу.
Жеке басы туралы: Отбасылы