Алматы: «Ынтымақ» мешітінде 250 отбасыға қайырымдылық жасалды
Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты «Ынтымақ» мешітінде, қолы ашық жомарт жандардың демеушілігімен, 250 отбасыға тегін азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық шарасына арнайы ат басын бұрған Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Дулатбаев Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізе отырып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ық, қайырымдылық айында жасалып жатқан жақсылықтың сауабы мол екенін айтып, осынау игілікті іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді.
Одан кейін Түрксіб ауданының бас имамы Саттарқұл Сатиұлы сөз сөйледі. Ол да айтулы шараның маңызына тоқталып, қарлығаштың қанатымен су сепкендей жақсылығымыз бен ниетімізді Алла қабыл етсін деді.
Игілікті іске мұрындық болғандар да өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, Аллаға шүкірліктерін айтты.