Алматы: «Мырзахмет» мешітінде 150 отбасыға қайырымдылық жасалды
Бүгін, Алматы қаласының Алатау ауданына қарасты «Мырзахмет» мешітінде, қасиетті Рамазан айының құрметіне, 150 отбасыға жомарт жандардың атынан тегін азық-түлік таратылды.
Қайрымдылық шарасын «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Абдраманов Ержан сөз сөйлеп ашып берді. Бас имам өз сөзінде мешітке жиналған қауымға «қош келдіңіз» айтты.
Атаулы шараға арнайы ат басын бұрған Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Дулатбаев ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет пен Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқайдың сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ, қайырымдылық айында жасалып жатқан істерге оң баға беріп, игілікті іске атсалысқан барша азаматтарға ризашылық білдірді.
Одан кейін Алатау ауданының бас имамы Дәуренбеков Орынбасар аудан мешіттерінің бас имамдарына «Жаңақорған» шипажайына тегін жолдамалар табыстады.
Қолы ашық жомарт азаматтар тарапынан жан жылуын сезінген отбасылардың қуанышында шек болмады.