ТАБИҒАТ - ЖЕР БАЙЛЫҒЫ
Шиелі кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:22
Шиелі кенті
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Шиелі кенті
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:12 07:34 12:22 15:21 17:04 18:25
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-сани 1448
Миләди
22 қараша 2026

Мақалалар

ТАБИҒАТ - ЖЕР БАЙЛЫҒЫ

– | A | +

Табиғат – Алла Тағаланың адамзатқа берген баға жетпес нығметі, тіршіліктің қайнар көзі. Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап табиғаттың игілігін көріп, оның байлығын пайдаланып келеді. Жер – біздің ортақ мекеніміз, су – тіршіліктің негізі, ауа – өмірдің тынысы. Асқар таулар, айдын көлдер, сарқыраған өзендер, жасыл ормандар мен кең байтақ далалар туған жеріміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау адамгершілік, азаматтық және ұрпақ алдындағы жауапкершілік.


Халқымыз табиғатты ежелден қастерлеп, қорғаған. Суды тіршіліктің көзі деп таныған. «Судың да сұрауы бар», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөздер халқымыздың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетеді. Даланың даналығын бойына сіңірген бабаларымыз табиғат байлығын бейберекет пайдаланбай, оны келер ұрпаққа аманат деп қараған. Өйткені жердің қадірін білген ел ғана оның байлығын бағалай алады.
Асыл дініміз табиғатты қорғауға, жер бетін көркейтуге және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге ерекше мән береді. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Алла күллі аспан әлемі мен жерді жаратты және аспаннан жауын жаудырып, сол арқылы сендерге ризық болатын алуан түрлі көкөністер мен жемістер шығарды. Сондай-ақ Оның пәрмені, қалауы бойынша теңізде емін-еркін жүзуі үшін сендерге алып кемелердің тізгінін ұстатты. Сонымен қатар өзендерді де сендерге бағынышты етті. Өз шеңберінен жазбай әрі тынбай айналатын күн мен айды да сендерге бағындырды. Сондай-ақ түн мен күндізді де сендерге бағындырып қойды», – деген («Ибраһим» сүресі, 32-33-аяттар).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) табиғатты көркейту мен ағаш отырғызудың сауабы мол екенін білдіріп: «Қандай да бір мұсылман ағаш отырғызса немесе егін ексе, одан құс не адам жесе, сол үшін оған садақаның сауабы жазылады», – деген. (имам Бұхари).
Бұл хадис табиғатқа пайда келтірудің де сауапты іс екенін көрсетеді. Ағаш отырғызу – бір күндік әрекет емес, оның саясын келешек ұрпақ көреді, жемісін талай адам пайдаланады. Демек, адам жасаған игі ісінің жемісін өзі көрмесе де, одан өзгелер пайда тапса, оның сауабы жалғаса береді.
Имам ән-Нәуәуи «Сахих Муслимге» жазған түсіндірмесінде бұл хадистің маңызын ашып, одан адамға және басқа тіршілік иелеріне пайда келтірудің сауапты екені аңғарылатынын баяндайды. Бұл – табиғатты қорғаудың тек дүниелік пайдасы емес, рухани сауабы да бар екенін білдіретін тағылым.
Қазақтың би-шешендері мен ақын-жыраулары да туған жердің қадірін, табиғаттың байлығын, ел мен жердің тұтастығын өз шығармаларына арқау еткен. Халқымыздың: «Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ», – деген нақылы табиғаттағы әрбір жаратылыстың өзіндік орны мен маңызы бар екенін білдіреді. Бір тал ағаштың, бір тамшы судың, бір уыс топырақтың өзі тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенін осы сөзден аңғаруға болады.
Табиғатты қорғау – қоқысты кез-келген жерге тастамау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, жануарларға қамқорлық жасау осылардың барлығы қоршаған ортаға көрсетілген жанашырлықтың белгісі. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру маңызды. Өйткені бүгінгі балалар – ертеңгі елдің иесі, ал олардың өмір сүретін ортасы бүгінгі біздің әрекетімізге байланысты.
Қорыта айтқанда, табиғат – Алланың адам баласына берген аманаты. Табиғатты қорғау – имандылықтың, адамгершіліктің және отансүйгіштіктің көрінісі. Қоршаған ортаны сақтау арқылы біз өз денсаулығымызды, өмірімізді және келешек ұрпақтың болашағын қорғаймыз. Сондықтан әрбір азамат туған жердің тазалығына бей жай қарамай, табиғатқа жанашырлықпен қарауды өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет.
Табиғатты аялау – туған жерді аялау. Жерді қорғау – елді қорғау. Бүгінгі ұрпақтың табиғатқа жасаған қамқорлығы – келер ұрпаққа қалдырған ең қымбат мұрасы.

 

Әл-Хамид мешітінің наиб имамы

Рамазан Аманқұлов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: мақала2026 жыл
Предыдущий Следующий
ҚҰРБАНДЫҚ АҚИҚАТЫ ЖАТ АҒЫМ ЖЫРЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Мәнһәж ҚҰРБАНДЫҚ АҚИҚАТЫ
Құрбан айт – күнтізбедегі мерекелік күн ғана емес. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы сынақтардың бірін еске салатын, жүректегі иман мен шынайы ықыластың өлшемін көрсететін қасиетті мейрам....
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМ ЖЫРЫ
Ислам әлемінде өзін «саләф-ус-салихтың (алғашқы ізгі буынның) жолындамыз» деп жариялайтын кейбір ағымдардың (атап айтқанда, Ибн Таймия, Ибн Баз, Албани секілді тұлғалардың) көзқарастары мен ұстанымдары ғылыми тұрғыдан терең сынға ұшырауда....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР САЛҒАН САРА ЖОЛ
Адамзат тарихында талай тұлға өмір сүрді. Бірі билігімен, бірі байлығымен, енді бірі ақыл-парасатымен танылды. Алайда адамзаттың рухани дүниесіне терең із қалдырып, тұтас бір үмбеттің ғана емес, күллі адам баласының өмір сүру бағытын өзгерткен тұлға біреу. Ол – Алланың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафа ...
Пайым-парасат АҒАЙЫН-ТУЫСПЕН ТАТУ БОЛ
Адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі — ағайын-туыстың амандығы мен татулығы. Қуанышымызды бөлісіп, қиындықта қолдау көрсететін жақындарымыздың болуы көңілге сенім, жүрекке жылу береді. Қазақ халқы туыстық байланысты жоғары бағалап, ұрпағына үлкенді құрметтеуді, кішіге қамқор болуды, бауырын...
Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ ДОСТЫҚ
Достық – жай ғана уақыт өткізу немесе ортақ қызығушылықтардың төңірегінде қалыптасатын қарым-қатынас емес, ол өзара сенімге, адалдыққа, құрметке, жанашырлыққа және жауапкершілікке негізделген ерекше рухани құндылық....
Исламдағы отбасы ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Отбасы – адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі. Адамның мінезі, дүниеге көзқарасы, үлкенге құрметі мен кішіге ізеті ең алдымен отбасында қалыптасады. Бала өмірге келген сәттен бастап айналасындағы адамдардың іс-әрекетін бақылап, солардан үлгі алады. Сондықтан отбасы тек бір шаңырақ астында өмір ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам АДАЛ АДАМ – АДАЛ ҚОҒАМДЫ ҚҰРАДЫ
Адалдық – адам бойындағы қасиет қана емес, қоғамның өркендеуіне жол ашатын рухани негіз. Қоғамның дамуы, елдің өркендеуі, халықтың тыныштығы мен өзара сенімі – бір-бірімен тығыз байланысты құндылықтар....
Қоғам БАТАСЫЗ ЕЛ – БАҒАНСЫЗ
Қазақ халқының рухани дүниесінде бата – ізгі тілек пен ақ ниеттің, үлкенге құрмет пен кішіге өнегенің айрықша көрінісі. «Батасыз ел – бағансыз» деген халық даналығы берекелі қоғамның негізі рухани сабақтастықта, ата-ана мен қарияның ақыл-өсиетінде екенін аңғартады. ...
Қоғам ЖЕМҚОРЛЫҚ - ІНДЕТ, ТАЗА ЖҮРУ МІНДЕТ
Қоғамның дамуына кедергі келтіретін, елдің берекесін кетіретін үлкен кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық дегеніміз тек пара алу немесе пара беру ғана емес. Ол – қызмет бабын жеке басының пайдасына пайдалану, мемлекет қаржысын заңсыз иемдену, таныстықпен мәселе шешу, біреудің ақысын жеу, әд...
Қоғам ҚҰДАЙЫ АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-сани 1448
Миләди
22 қараша 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:22

Екінтіге дейін 01:33

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi