ҚҰРБАНДЫҚ АҚИҚАТЫ
Актогайский район
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:50
Актогайский район
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Актогайский район
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:51 07:28 11:50 14:13 16:01 17:39
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-сани 1448
Миләди
22 қараша 2026

Мақалалар

ҚҰРБАНДЫҚ АҚИҚАТЫ

– | A | +

Құрбан айт – күнтізбедегі мерекелік күн ғана емес. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы сынақтардың бірін еске салатын, жүректегі иман мен шынайы ықыластың өлшемін көрсететін қасиетті мейрам.
Адам баласы өмір бойы бір нәрсеге қол жеткізу үшін күреседі. Бірі дүние жинайды, бірі мансап іздейді, енді бірі отбасы мен жақындарын барынша қорғауға тырысады. Алайда адамзат тарихында Алланың әмірі мен дүниедегі ең қымбат дүниесінің арасында таңдау жасауға мәжбүр болған тұлға бар. Ол – Ибраһим пайғамбар (а.с.).
Құрбан айттың түпкі мәні осы оқиғадан бастау алады. Құрбандықтың ең үлкен құпиясы – малда емес, жүректе Ибраһим пайғамбардың (а.с.) түсінде сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалып жатқанын көруі жай ғана түс емес, Жаратушының сынағы еді. Әкенің баласына деген махаббаты мен Аллаға деген мойынсұнуы сынға түсті. Бір қызығы, бұл оқиғада біз көбіне құрбандыққа шалынғалы тұрған Исмаилға немесе Ибраһимнің (а.с.) әрекетіне назар аударамыз. Алайда оқиғаның тереңінде тағы бір маңызды мәселе жатыр: әке мен баланың екеуі де Алланың әміріне шынайы түрде мойынсұнды. Исмаилдың: «Әкетайым! Өзіңе бұйырылған істі орында. Алла қаласа, мені сабыр етушілерден табасың», – деген жауабы олардың арасындағы иман сабақтастығын көрсетеді.
Алла Тағала бұл сынақтың соңында Исмаилдың орнына үлкен құрбандық берді.
Бұл оқиғадан шығатын үлкен ғибрат – Алла Тағала біздің дүниемізге мұқтаж емес. Ол біздің жүрегіміздегі ықылас пен тақуалықты қалайды. Құран Кәрімде: «Олардың (құрбандық малдарының) еттері де, қандары да Аллаға жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың жетеді» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінеді. Демек, құрбандықтың сыртқы көрінісі – мал шалу болса, ішкі мәні – тақуалыққа тәрбиелену.

  •  Қызықты дерек: Құрбан айт тек Ибраһим пайғамбардың оқиғасынан басталмайды

Көпшілік құрбандық шалу дәстүрін Ибраһим пайғамбардың (а.с.) оқиғасымен байланыстырады. Алайда Құран Кәрімде құрбандықтың бұдан да ертеректегі көрінісі баяндалады. «Мәида» сүресінің 27-аятында Адам атаның екі ұлы – Қабыл мен Әбілдің құрбандық ұсынғаны айтылады. Олардың бірінің құрбандығы қабыл болып, екіншісі қабыл болмады. Осы оқиға арқылы Құран бізге маңызды ақиқатты жеткізеді: құлшылықтың қабыл болуы адамның ұсынған дүниесінің көлеміне емес, тақуалығына бысты. Мұнда назар аударайланатын ерекше жайт бар. Адамзат тарихындағы алғашқы құрбандық оқиғаларының бірінде-ақ мәселе материалдық құндылықта емес, адамның ішкі дүниесінде екені көрсетілген.
Бұл – Құрбан айттың ғасырлар бойы өзгермеген негізгі ұстанымы.
Құрбан айттың біз байқамай жүрген әлеуметтік маңызы бар.
Құрбан айттың тағы бір терең қыры – қоғамдағы адамдар арасындағы байланысты нығайтуы. Бір қарағанда, бұл мереке жеке адамның құлшылығы сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның нәтижесі тұтас қоғамға әсер етеді. Құрбандық еті туыстарға, көршілерге, тұрмысы төмен отбасыларға таратылады. Бір дастарқан басына жиналмаған адамдар осы мерекеде бір-біріне жақындай түседі. Осы тұста бір маңызды ойға назар аударған жөн: кейде біз құрбандықтың сауабын тек оны орындаған адамның жеке құлшылығымен байланыстырамыз. Ал шын мәнінде, бұл құлшылықтың қоғамға тигізетін пайдасы да ерекше. Бір адамның жасаған ғибадаты бірнеше отбасының қуанышына себеп болуы мүмкін. Құрбан айттың әлеуметтік миссиясы да осында: бай мен кедейдің арасын жақындату, жалғыз қалған жанның көңіліне қуаныш сыйлау, қоғамдағы мейірімділікті арттыру.
Құрбандықтың мөлшері емес, ниеттің тазалығы маңызды
Қазіргі қоғамда кейде құрбандықтың көлемі мен бағасына көбірек мән беріліп жатады. Бірі ірі қара шалуды қалайды, енді бірі таңдаған малының сапасына ерекше назар аударады. Әрине, шариғатта құрбандық малына қатысты белгілі талаптар бар. Алайда осы талаптарды орындаумен қатар, құлшылықтың рухани мақсатын да ұмытпауымыз керек.


Құрбандық – біреумен жарысатын немесе өзгеге өз мүмкіндігіңді көрсететін амал емес. Ол – пенденің Раббысына деген ықыласын білдіретін ғибадат.


Мұсылман адам құрбандық шалған кезде «Мен қанша қаражат жұмсадым?» дегеннен бұрын «Бұл амалды қандай ниетпен орындадым?» деген сұрақты өзіне қоюы қажет. Өйткені құлшылықтың сыртқы көрінісі мен ішкі руханияты бір-бірінен ажырамауы тиіс.
Құрбан айт – адам бойындағы сараңдықты жеңудің мектебі
Адам табиғатында өзіне тиесілі дүниені сақтап қалуға деген ұмтылыс бар. Бұл – қалыпты қасиет. Бірақ дүние адам жүрегінің ең үлкен құндылығына айналған кезде, ол рухани дамуға кедергі келтіруі мүмкін.
Құрбан айт адамды бөлісуге, қолындағы нығметті өзгемен бөлісуге және мұқтаж жанның жағдайын түсінуге тәрбиелейді. Бұл мерекенің тәрбиелік мәнін тек құрбандық шалу рәсімімен шектеу дұрыс емес. Құрбан айттан кейін де адам бойында жомарттық, кешірімділік, мейірімділік сақталуы керек. Егер адам айт күндері ғана қолындағысын бөлісіп, қалған уақытта мұқтаж жандарды ұмытса, онда мерекенің тәрбиелік мақсаты толық жүзеге асты деп айту қиын. Нағыз құрбан айттың әсері мереке аяқталғаннан кейінгі адамның мінезінен көрінуі тиіс.
Қорытынды: Біз малды құрбан етеміз, ал нені өзгертуіміз керек?
Құрбан айт – өткен тарихты еске алу ғана емес, бүгінгі өмірімізге есеп беретін ерекше мүмкіндік. Ибраһим пайғамбардың (а.с.) оқиғасы бізге адалдықты үйретеді. Исмаилдың (а.с.) жауабы сабыр мен мойынсұнуды көрсетеді. Ал құрбандықтың өзі ықылас пен тақуалықтың маңызын еске салады. Олай болса, Құрбан айтта тек құрбандық малын ғана емес, өз бойымыздағы тәкаппарлықты, сараңдықты, қызғанышты, өкпе-ренішті де жеңуге ұмтылуымыз қажет. Өйткені құрбандықтың шынайы тәрбиесі – адамның ішкі дүниесінің өзгеруі.
Малдың еті дастарқанға қойылады. Ал сол мерекеден алған ғибрат жүректе қалуы керек.


Құрбан айттың ең үлкен жемісі – бір күндік қуаныш емес, адам бойында өмір бойы сақталатын имандылық пен мейірімділік.

 

Мүзәмміл мешітінің наиб имамы
Бугуев Қуаныш

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ТАБИҒАТ - ЖЕР БАЙЛЫҒЫ

Тақырып аясындағы мақалалар

Қоғам ТАБИҒАТ - ЖЕР БАЙЛЫҒЫ
Жер – біздің ортақ мекеніміз, су – тіршіліктің негізі, ауа – өмірдің тынысы. Асқар таулар, айдын көлдер, сарқыраған өзендер, жасыл ормандар мен кең байтақ далалар туған жеріміздің баға жетпес байлығы. ...
Ағымдар мен секталар ЖАТ АҒЫМ ЖЫРЫ
Ислам әлемінде өзін «саләф-ус-салихтың (алғашқы ізгі буынның) жолындамыз» деп жариялайтын кейбір ағымдардың (атап айтқанда, Ибн Таймия, Ибн Баз, Албани секілді тұлғалардың) көзқарастары мен ұстанымдары ғылыми тұрғыдан терең сынға ұшырауда....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР САЛҒАН САРА ЖОЛ
Адамзат тарихында талай тұлға өмір сүрді. Бірі билігімен, бірі байлығымен, енді бірі ақыл-парасатымен танылды. Алайда адамзаттың рухани дүниесіне терең із қалдырып, тұтас бір үмбеттің ғана емес, күллі адам баласының өмір сүру бағытын өзгерткен тұлға біреу. Ол – Алланың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафа ...
Пайым-парасат АҒАЙЫН-ТУЫСПЕН ТАТУ БОЛ
Адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі — ағайын-туыстың амандығы мен татулығы. Қуанышымызды бөлісіп, қиындықта қолдау көрсететін жақындарымыздың болуы көңілге сенім, жүрекке жылу береді. Қазақ халқы туыстық байланысты жоғары бағалап, ұрпағына үлкенді құрметтеуді, кішіге қамқор болуды, бауырын...
Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ ДОСТЫҚ
Достық – жай ғана уақыт өткізу немесе ортақ қызығушылықтардың төңірегінде қалыптасатын қарым-қатынас емес, ол өзара сенімге, адалдыққа, құрметке, жанашырлыққа және жауапкершілікке негізделген ерекше рухани құндылық....
Исламдағы отбасы ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Отбасы – адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі. Адамның мінезі, дүниеге көзқарасы, үлкенге құрметі мен кішіге ізеті ең алдымен отбасында қалыптасады. Бала өмірге келген сәттен бастап айналасындағы адамдардың іс-әрекетін бақылап, солардан үлгі алады. Сондықтан отбасы тек бір шаңырақ астында өмір ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж ҚҰРАН - ҚОҒАМҒА МҰҒЖИЗА
«Күллі аспан әлем мен жердің жаратылысында, түн мен күннің бір ұзарып, бір қысқарып, бірін–бірі қуалап алма-кезек алмасуында, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген алып кемелерде, Алланың аспаннан жауын жаудырып, сол арқылы өлі жерге жан бітіруінде, жер бетіне жайған барлық тіршілік иелерінде, желд...
Мәнһәж ҚҰҚЫҚ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ислам дінінің Алла Тағала тарапынан адамзатқа түсірілуінің негізгі мақсаты адам баласының құқығының қорғалуы. Адам өмір сүруге, бас бостандығы, сөз бостандығы, білім алу мен табыс табу, не нәрсені иемдену мен әділдікке қақылы....
Мәнһәж ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАҒАН
«Алла» деп нәпсісін тыйғандар, Бұрынғы шайхы, ишандар. Жүргізген екен жұртына Шариғаттың хүкімін, Ұстаған діннің бүтінін... (Сәттіғұл Жанғабылұлы)
Мәнһәж АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Қамшының сабындай болған мына жалған өмірде анаңнан асқан қамқор, әрбір ісіңе тілеулес боп отыратын нағыз жанашыр адам жоқ екен. Ананың аялы алақанынан асқан жұмсақ нәрсе жоқ. Мұны уақыт өткен сайын сезініп келемін......
Мәнһәж ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ
Мұсылманшылықта мәйітті жерлеудің шариғи үкімі ижмағ бойынша - парыз кифая. Алайда мәйіт көмілмей қалса, сол аймақтың адамдары жауапты болады. Мәйіттің ер немесе әйел кісі, нәресте немесе жасы үлкен кісі шаһид немесе шаһид болмауы үкімді өзгертпейді. Бәрі де жерленуі тиіс....
Мәнһәж ҚАБІР БАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ - ЫСЫРАП
Қабір – Алла алдындағы өз міндетін орындаған, өзгелерге ізгілік еткен кісілерге тынығып, рахат көретін жәннат бақшаларының бірі. Ал өз міндетін орындамаған пенделер үшін азап тартатын жәһаннам шұңқыры болмақ....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
12 Джумада-сани 1448
Миләди
22 қараша 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:50

Екінтіге дейін 00:25

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi