ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Восход 06:28
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
свернуть
Фаджр Восход Зухр Аср Магриб Иша
05:10 06:28 11:39 15:01 16:43 18:01
свернуть
Календарь
Хиджра
24 Джумада-авваль 1448
Григорианский
04 ноября 2026

Статьи

ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ

– | A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

 

Отбасы адам баласының өміріндегі ең қастерлі ұғымдардың бірі. Адам дүниеге келген сәттен бастап отбасының жылуын сезінеді, ата-ананың мейірімін көреді, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, ізет пен әдепті ең алдымен шаңырақтан үйренеді. Сондықтан отбасы – тәрбиенің бастауы, қоғамның өзегі, ұлттың рухани тірегі.

Қазақ халқы ежелден отбасы құндылығын жоғары бағалаған. «Отан – отбасынан басталады», «Ырыс алды – ынтымақ», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Ата – бәйтерек, бала – жапырақ» деген мақал-мәтелдер халқымыздың шаңырақтың қадірін терең түсінгенін көрсетеді.

Ислам діні де отбасы институтына ерекше мән береді. Құран Кәрімде ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен мейірім Алла Тағаланың ұлы белгілерінің бірі ретінде сипатталған. Бұл туралы Алла Тағала былай дейді: Сондай-ақ, Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін анық дәлелдер мен талай ғибрат бар» («Рум» сүресі, 21-аят). Бұл аятта отбасының үш маңызды негізі айқын көрінеді. Ол – тыныштық, сүйіспеншілік және мейірім.

Демек, отбасы құру дегеніміз тек бір шаңырақтың астында бірге өмір сүруді ғана білдірмейді. Отбасы құру – бір-біріне сүйеу болу, қуанышта бірге қуану, қиындықта бірге сабыр ету, бір-бірінің кемшілігін кешіре білу, өзара құрмет көрсету деген сөз.

Неке ер мен әйелдің келісімін ғана білдірмейді. Ол екі жаққа да үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені мұнда адам тағдыры таразыға түседі. Сондықтан ерлі-зайыптылар бір-біріне аманат ретінде қарауы керек. Өйткені отбасындағы әрбір сөз бен әрекет тек осы дүниедегі қарым-қатынасқа ғана емес, адамның ақыреттік жауапкершілігіне де қатысты. Бұл ретте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасына деген жауапкершілігі мұсылман баласына үлкен өнеге.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасына қажетті дүниені қамтамасыз етудің маңызын ерекше атап өтіп, садақа беруді отбасынан бастауды өсиет еткен. Бұл жерде біз маңызды бір қағиданы көреміз: отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау жай тұрмыстық міндет емес, сауапты амал.

Әкенің баласына уақыт бөлуі, ананың перзентіне мейірім көрсетуі, ер адамның отбасын адал еңбекпен қамтамасыз етуі, әйелдің шаңырақтың берекесін сақтауы сынды амалдар үлкен жауапкершіліктің көрінісі екенін білдіреді.

Отбасының татулығы бір күнде қалыптаспайды. Ол күн сайынғы ізгі сөзден, өзара құрметтен, кешірімнен және сабырдан құралады. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген халқымыздың даналығы да осыны меңзейді. Кейде отбасындағы үлкен мәселе үлкен себептен емес, айтылған бір ауыр сөзден басталады. Бір ауыз сөз көңілді қалдыруы мүмкін. Ал бір ауыз жылы сөз жүрекке демеу болады. Сондықтан шаңырақтағы әрбір сөзге мән берген жөн.

Отбасында татулық орнауы үшін ерлі-зайыптылар бір-бірін қарсылас емес, өмірлік серігі ретінде қабылдауы қажет. Ер адам әйелін құрметтеуі керек. Әйел ерінің еңбегін бағалауы қажет. Ата-ана баласына мейірім танытып қана қоймай, оған дұрыс тәрбие беруі тиіс. Ал бала ата-ананың қадірін біліп, олардың алдындағы міндетін ұмытпауы қажет.

Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасау туралы: «Раббың Өзіне ғана құлшылық етулеріңді және ата-анаға жақсылық жасауды бұйырды»
(«Исра» сүресі, 23-аят) деп айтылған. Бұл – отбасы мүшелерінің арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін көрсететін аят.

Қазақ қоғамында да ата-ананы ардақтау ерекше құндылық болған. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген мақалдар ұрпақ тәрбиесінің жауапкершілігін айқындайды. Бала ата-ананың сөзінен бұрын ісіне қарап өседі. Сондықтан перзентіне жақсы тәрбие бергісі келген ата-ана алдымен өзі үлгі болуы керек.

Отбасындағы татулық тек сол үйдің мәселесі емес. Ол тұтас қоғамның тұрақтылығына әсер етеді. Шаңырағында тыныштық орнаған адам қоғамда да сабырлы болады. Отбасынан мейірім көрген бала өзгеге де мейірім танытады. Ата-анасын құрметтеген ұрпақ ұстазын, үлкенін, елін құрметтеуге бейім болады. Сондықтан отбасы мәселесіне тек тұрмыстық мәселе ретінде қарауға болмайды. Бұл – рухани, әлеуметтік және ұлттық мәселе.

Қазіргі уақытта ажырасудың алдын алу, отбасылық жауапкершілікті арттыру, жастарды некеге дайындау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара құрметті қалыптастыру сынды амалдар аса маңызды міндеттердің біріне айналды. Бұл ретте неке қиған жастарға тек үйлену тойын өткізу емес, отбасы болудың жауапкершілігін түсіндіру қажет.

Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жандандыра түсу үшін мешіт жанынан Отбасылық кеңес беру орталықтарын аштық. Себебі жастар бір-бірінің мінезін, жауапкершілігін, өмірлік ұстанымын түсініп, отбасылық өмірге дайын болуы керек. Отбасы тек қуаныштан тұратын мекен емес. Әр шаңырақта түрлі сынақ болады. Кейде тұрмыстық қиындық кездеседі, кейде пікір қайшылығы туындайды. Осындай сәтте ерлі-зайыптылардың сабыры мен кешірімі сыналады. «Сабыр түбі – сары алтын» дейді халқымыз. Шаңырақтың беріктігі қиындықтың болмауында емес, қиындықты бірге еңсере білуде.

Отбасында бір-бірінің кемшілігін іздей берген адам береке таппайды. Керісінше, жақсы қасиетін көріп, кемшілігін түзетуге көмектескен жөн. Құран Кәрімде: «Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің» («Фуссилат» сүресі, 34-аят) деп баяндалады. Бұл қағида отбасылық қарым-қатынасқа да қатысты. Егер жұбайлардың бірі ашуланса, екіншісі сабыр сақтауы, бірі қателессе, екіншісі кешіре білуі керек. Әрине, кешірім әділетсіздікке көз жұму деген сөз емес. Отбасында өзара құрмет қалыптасуы қажет. Бірақ ұсақ ренішті үлкейтіп, оны ұзақ уақыт бойы жүректе сақтау татулыққа кері әсер етеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылманды жақсы қарым-қатынасқа, көркем мінезге үндеген. Сондықтан отбасыдағы ең үлкен маңызды мәселе кімнің жеңгені емес, шаңырақтың аман қалғаны аса маңызды.

«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалдың астарында үлкен мән бар. Үйлену – бір күндік қуаныш. Ал отбасы болу – ғұмырлық жауапкершілік. Қазақтың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген сөзі де отбасындағы келіннің орнына қатысты айтылған. Алайда мұндай нақылдарды бүгінгі күн тұрғысынан дұрыс түсіну қажет. Отбасындағы береке бір адамның ғана міндеті емес. Шаңырақтың татулығына ер де, әйел де, ата-ана да, бала да өз үлесін қосады. Сондықтан отбасы – ортақ аманат.

Отбасы татулығы – Алланың адам баласына берген үлкен нығметі. Адамның дүниеде жинаған байлығы, мансабы, атақ-абыройы қанша жоғары болғанымен, шаңырағында тыныштық болмаса, оның көңілінде толық бақыт болмайды. Ал керісінше, бір-біріне сүйеу болған отбасы қиындықтың өзін бірге еңсереді.

Шаңырақта әке жауапкершіліктің, ана мейірімнің, бала үміттің символына айналғанда отбасы берекелі болады. Сондықтан әрбір азамат өз үйінің татулығына үлес қосуы керек. Әке баласына уақыт бөлсе, ана перзентіне мейірім берсе, бала ата-анасын құрметтесе, ерлі-зайыптылар бір-бірін қадірлесе, ағайын арадағы сыйластықты сақтаса сонда ғана отбасы берік, қоғам тұрақты болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Мешіттерде неке мәдениетін қалыптастыру, жастарға отбасылық жауапкершілікті түсіндіру, ата-аналармен жұмыс жүргізу, отбасылық кеңес беру және ажырасудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп келеміз. Өйткені отбасын сақтау бір шаңырақты ғана сақтау емес, ұлттың болашағын сақтау деген сөз. Абайдың: «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмеген істің бәрі бос» деген өсиетін отбасы тәрбиесіне де қатысты қабылдауға болады. Өзара сыйластық пен түсіністік бар жерде береке болады.

Құранда ізгі құлдардың дұғасы ретінде: «Сондай-ақ олар: «Уа, Раббымыз! Әйелдерімізді және үрім-бұтағымызды (тура жолға салып) көз қуанышымыз еткейсің! Һәм бізді тақуалықта өзгелерге имам (жетекші әрі үлгі-өнеге) қылғайсың!» – деп тілейді» («Фурқан» сүресі, 74-аят) деген дұға айтылады. Бұл аят түрінде айтылған сөз әр ата-ананың жүрегіндегі ең ізгі тілек. Ендеше, шаңырағымызға сүйіспеншілік ұялатайық. Бір-бірімізге ауыр сөз емес, жылы сөз айтайық. Ренішті ұзақ сақтамай, кешірімді болайық. Балаларымызға байлықтан бұрын тәрбие, дүниеден бұрын иман, атақтан бұрын адамдық қасиеттерді сіңірейік.

Алла Тағала барша отбасына береке беріп, ерлі-зайыптылардың арасын сүйіспеншілік пен мейірімге толтырғай. Перзенттерімізді ата-анасына қуаныш сыйлайтын, еліне қызмет ететін ізгі ұрпақтан еткей. Әумин!

Автор ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

ИСТОЧНИК muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Теги: мақала 2026
Предыдущий Следующий
ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕЛІК ӘДІСІ КЕЙІННЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА АЛУ ҮКІМІ (Ijarah)

Статьи по теме

Пайым-парасат АДАМНЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ
Адамзат баласының жаратылысындағы ең басты ерекшеліктердің бірі – оның еңбек етуге, айналасын көркейтуге және өз маңдай терімен нәпақа табуға қабілеттілігі. Кез келген қоғамның өркендеуі, экономикалық әл-ауқаты мен рухани толысуы тікелей жеке адамның еңбегіне және соған көрсетілетін құрметке байланы...
Қоғам АДАЛДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Адамзат баласының ең асыл мұраты – әділетті, адал әрі берекелі қоғам құру. Әрбір азаматтың жүрегінде иман, санасында жауапкершілік оянса, ондай қоғам дамудың даңғыл жолына түсіп, өркениет көшіне ілеседі....
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ
Құранда Алла Тағала: «Расында, сендер үшін Алла Елшісінде көркем өнеге бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят) деп баяндайды.
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР ӨМІРІН ОҚЫП БІЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
Хәкім Абай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» демекші, он сегіз мың ғаламға зер салып қараған жан Жаратушының адамзатқа деген махаббатына куә болады. Әрине, әрбір саналы пенде әлемді мінсіз жаратқан Раббысын жақсы көргісі келеді. Алайда, жақсы көру деген не?...
Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) ӨМІРБАЯНЫ
Екі дүниенің мырзасы Мұхаммед Мұстафаға салауат! Адамдар мен жындардың Пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға салауат! Қасиетті екі мекеннің имамы Мұхаммед Мұстафаға салауат! Хасан мен Хусейннің атасы Мұхаммед Мұстафаға салауат!...

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

Пайым-парасат БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҚАТЕЛІК
Бала – ата-ананың аманаты, отбасының қуанышы, қоғамның болашағы. Әрбір ата-ана баласының тәрбиелі, білімді, иманды болып өсуін қалайды. Алайда кейде жақсы ниетпен жасалған әрекеттердің өзі тәрбиеде үлкен қателіктерге алып келуі мүмкін. Бала тәрбиесіндегі ең үлкен қателіктің бірі – балаға жеткілікті ...
Пайым-парасат МЕШІТ ІШІНДЕГІ МЕШІТТІ ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА ҚАЛДЫРДЫҚ 
Ділмұрат ПІРМҰХАММЕДҰЛЫ, танымал кәсіпкер: Кейде бір адамның бір ауыз сөзі немесе ізгі амалы айналасындағы жандардың өмірін өзгертіп, тағдырына әсер етіп жатады. Сондай жанның бірі Пірмұхаммед қажы еді. Оның салып кеткен мешіті әлі күнге дейін үш буынның жүрегін ізгілікке біріктіріп келеді. Пірмұ...
Пайым-парасат ДІН НЕ ҮШІН КЕРЕК?
Ең жақсы сөз Алла Тағаланың сөзі, адамзаттың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жаман нәрсе дінге жаңалық енгізуге тырысу және дінге қарсы болу, тиісу, мазақ ету - ол күнә. Алла Тағала адамзатқа тақуа болуды бұйырды. «Әй, мүминдер! Алладан шынайы қорқынышпен қ...
Пайым-парасат ЕКІ ТҮРЛІ СТАНДАРТ
Алты жасар бала түнде ата-анасымен кино көріп отыр. Ең әуелі, мұның өзі өрескел қателік. Бірақ, айтпағым басқа жайт. Кенет анасы: «Тұр, төсегіңе жат. Бұл үлкендер көретін кино», - дейді. Немесе кино барысында, «көзіңді жұм, қарама, ұят болады» дейді. Көруге болмайды деп өздері емін-еркін тамашалауда...
Пайым-парасат САБЫР МЕН СЕНІМ - РУХАНИ ИММУНИТЕТ
Адам баласы өмірінде түрлі ситуацияларға, жағымды не жағымсыз жайттарға тап боп жатады. Алайда ол сынақтармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін оның бойындағы сабыр мен сенім көрсеткішіне жіті мән берген жөн. Өйткені бұл екеуі – адамға кезігетін рухани дерттердің, өмірлік жантүршігерлік жайттардың алд...
Пайым-парасат ҚОРШАҒАН ОРТА - ҚОРҒАНЫҢ
Адам мен табиғат — ажырамас егіз ұғым. Табиғат — тіршіліктің қайнар көзі, ал қоршаған орта — адамзаттың өмір сүру ортасы, демі мен тынысы. Сол себепті табиғатты қорғау, оны аялау — әр адамның адамдық борышы....
свернуть
Календарь
Хиджра
24 Джумада-авваль 1448
Григорианский
04 ноября 2026
Время намаза
Сейчас

Восход 06:28

Время до Зухр 03:58

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi