Мешіттерді қайта ашу мәселесі бойынша ҚМДБ мәлімдемесі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Жаңалықтар

Мешіттерді қайта ашу мәселесі бойынша ҚМДБ мәлімдемесі

Қадірлі жамағат!

Өздеріңізге белгілі, кеше өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жеңілдету жөнінде ұсыныстар айтылды. Алайда әлі де тыйым салынған орталықтардың қатарында діни нысандардың бар екендігі мәлім болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын. Өткізілген келіссөздерде ҚМДБ ұсынысы құпталуда. Мешіт толымдылығын 30 пайыздан асырмау, 1 келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Алла қаласа, жуырда мешіттеріміз қайта ашылады деген үлкен үміт бар.   

Құрметті бауырлар!

Әрине, Алла үйлері бос қалып, құлшылық жасауға мүмкіндік болмай жатқаны бәрімізге ауыр батуда. Мамыр айының басында, яғни елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсара бастаған кезде ҚМДБ мешіттерді қайта ашуды қолға алған болатын. Алайда ол ұзаққа созылмады. Індеттің таралуы күшейіп, мешіт қызметіне қайтадан шектеу қойылды. Өйткені, ауру жұқтырған жандардың саны күрт өсіп кетті. Көз жұмғандар саны да аз болмады.

Ислам діні адамның өмірі мен денсаулығын әрқашан жоғары қояды. Ал мемлекетіміздің жұқпалы дертке қарсы қабылдаған барлық шарасы адам баласын аман сақтап қалуға бағытталған. Біз оны дұрыс түсінуіміз қажет.

Құлшылық үйлері көп адам шоғырланатын орын болғандықтан, ҚМДБ мешіт қызметіне уақытша шектеу қоюға мәжбүр болды. Бұл біздің елімізде ғана емес, басқа мұсылман мемлекеттерінде де осындай шешім қабылданды. Алла қаласа, бұл да уақытша шектеу. Қазір жағдай тұрақталып келеді. Аз ғана төзімділік танытсақ, жамағатпен намаз оқитын күнге де жетеміз. Бұл сынақтың соңғы нәтижесі – Алланың құзырында. Сондықтан болашақтан күдер үзбей, сабырлы қалпымыздан танбай, дұға етейік.

Раббымыз қасиетті Құранда: «Егер пенделерім сенен Мен туралы сұраса (оларға айтып қой): Мен оларға өте жақынмын, тілек тілеушінің дұғасына жауап беремін. Ендеше, олар да әмірімді қабыл етсін және Маған сенсін. Бәлкім тура жол табар» («Бақара» сүресі, 186-аят); «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін» («Ғафир» сүресі, 60-аят) деп уәде еткен.

Осы ретте Жаратқанның әміріне бойсұнып, үздіксіз дұға жасап, талап пен тәртіпке бағынып, мұсылмандық міндетімізді орындайық. Алла қаласа, көп ұзамай бұл күндер де артта қалады.

Хақ Тағала мешіттеріміз ашылып, көпшілікпен құлшылық жасайтын күнді жақын еткей. Әмин!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: Абай – рухани реформатор
10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстү...
Құрбан-2020 қорытындысы: ҚМДБ 81 301 жанұяға құрбандық етін үлестірді (ФОТО)
Мұсылман мерекесі құлшылық пен қайырымдылықтан басталады. Ұлық мейрам – Құрбан айтта жағдайы бар адамға міндет болған негізгі амал – құрбан шалып, оны мұқтаж отбасыға тарату, осылайша жабырқаған жандарды мерекелік қуанышқа бөлеу. Бұл амал адам баласының қанағатшылдық, жомарттық, мейірбандық, т.б. сы...
Бас мүфти Құрбан шалу рәсімінің атқарылуын пысықтады (ФОТО)
Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қолға алынып жатқан қашықтан (онлайн) Құрбан шалу шараларының атқарылуына қатысты жиын өтті....
ҚМДБ: Құрбандық еті 30 715 отбасыға жеткізілді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 31 шілде, яғни қасиетті Құрбан айттың бірінші күнінде еліміз бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өткенін хабарлайды. Үйлестіру жұмыстарына бекітілген азаматтар арасында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағ...
Мемлекет басшысы қазақ елін Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бас мүфти: Құрбан айт құтты болсын!
Қадірлі қауым! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi