РАНТ МҮШЕСІ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА (ФОТО)
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы Алматыда «Нұр-Мүбарак» университетінің ұйымдастыруымен өткен семинарға қатысып, баяндама жасады.
«Сандық кеңістіктегі ислам және діни уағыз: қазіргі Қазақстан мысалында» тақырыбында өткен семинарда РАНТ мүшесі әлеуметтік желі мен интернет кеңістігіндегі уағыз-насихаттың маңызына кеңінен тоқталды. Бұл бағытта Діни басқарманың атқарып отырғаны жөнінде тілге тиек етіп, нақты мысалдар келтірді.
Алматы қаласына сапары барысында Думан Нәдірұлы Алматы Орталық мешітінде әйел жамағатымен кездесті. «Көркем мінездің маңыздылығы» тақырыбында насихат айтып, әйел жамағатының сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ Орталық мешітте «Алаяқтық – ауыр күнә» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, исламда адалдық пен әділдік ең жоғарғы құндылықтардың қатарында болғандықтан, алаяқтыққа тыйым салынатынын жеткізді. Ал бір кездері өзі де қызмет атқарған «Орбита» мешітіне арнайы барып, жамағатқа «Құранға терең мән беру» тақырыбында уағыз айтып, іссапарын қорытындылады.