«ҚҰРАН - МӘҢГІЛІК МАХАББАТ» ҚОЙЫЛЫМЫ ТЕАТРДА САХНАЛАНДЫ
ҚМДБ Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында тұңғыш рет «Құран - мәңгілік махаббат» қойылымы сахналанды.
Қазақ театр сахнасында Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, PhD докторант Жанат Алдиярдың «Мәңгілік махаббат» кітабының тұсауы кесіліп, кітап негізінде тұңғыш рет Құран жайлы қойылым көрермен назарына ұсынылды.
Игі шараға ҚМДБ Төраға орынбасары Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы және дін қызметкерлері мен қонақтар қатысты. Қойылым идеясының авторы Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, PhD докторант Жанат Алдияр.
Ерекше әсерге бөлеп, Құран құндылығын дәріптеген қойылым көпшілік көңілінен шығып, көрермен ықыласпен қабыл алды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі