Қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясымен, мағынасымен шыққан Құран Кәрімнің тұсаукесер рәсімі өтті
Алматы қаласы «Ас-Салям» мейрамханасында, «Райымбек ислам» қайырымдылық бірлестігінің төрайымы Сәуле қажы Бекенқызының қажырлы еңбегінің арқасында, Қазақстанда тұңғыш рет қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясымен, мағынасымен шыққан Священны Коран және Қасиетті Құран Кәрімнің тұсаукесер рәсімі өтті.
Сонау сексенінші жылдардан бастап дін насихаты жолында ерінбей еңбек етіп келе жатқан Сәуле қажы осыған дейін намаз кітабы мен Құран оқып үйренемін деген адамға адастырмас үлгі болатын кітаптарды пара-пара бойынша бірнеше томдық етіп шығырып, 2015 жылы барлық еңбекті бір жерге тоғыстырып, арнайы арабша транскрипциясы бар кітап етіп шығарған болатын. Сонымен қатар қажы апамыздың бұдан бөлек еліміздегі діннің дамуына елеулі үлес қосып жүргенін де жақсы білеміз.
Тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай, Алматы қаласы мешіттерінің діни қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Сәуле қажының туған-туыстары, замандастары және еңбектің жарық көруіне демеушілік еткен азаматтар қатысты.
Ең алдымен, қала имамы Еркінбек қари Керімбекұлы түсірілген Құран хатымның дұғасын оқып, бата жасап, дәметкен әруақтарға сауабын бағыштады. Одан кейін, еңбектердің тұсауы кесіліп, шашу шашылды.
Сәуле қажы қонақтар мен демеушілерге ілтипат көрсетіп, иықтарына жапты.
Сосын қаланың бас имамы Құран Кәрімнің қадір-қасиеті туралы тағылымды уағыз айтты.
Келген қонақтар кезегімен сөз алып, Сәуле қажының ғибратқа толы өмір жолы мен еңбектеріне тоқталып, мерейін тасытар естеліктермен бөлісті.
Сәуле қажының қуанышына ортақтасып жыршылар жыр төгіп, әншілер тамылжыта ән шырқады.
Azan.kz