Президент Арыс тұрғындарымен кездесті: Бәрі жақсы болады (ВИДЕО)
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арыстықтармен кездесті.
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендермен кездесуге келген Мемлекет басшысының видеосын баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.
"Барлығы жақсы болады, шыдай тұрыңыздар. Бұл төтенше жағдай, апат. Үкімет ақша бөледі. Көмектеседі, уайымдамаңыздар. Жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Мен арнайы келдім", - деді Президент.
Мемлекет басшысының сөзінен кейін отырғандар қошеметтеп, алғыс айтты.
Еске салайық, кеше Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.