Наиб имам мешіт жастарына уағыз айтты (ФОТО)
Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына орай, Алматы Орталық мешітінде «Жастар ісі» секторының жауапты маманы, наиб имам Ермек Көкірекбаев мешіт жамағаты мен қала жастарына арнайы уағыз айтты.
Наиб имам өз сөзінде болашақтың ең құнды капиталы – жастардың бойында табылуға тиісті имамдылық, отансүйгіштік, білімге құштарлық, әділдік сынды қасиеттерді тілге тиек етіп, жуырда Елорда төрінде ҚМДБ тарапынан қабылданған «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасының құндылықтарына тоқталды.
Періштелер қатысатын отырыс барысында мешітке келген жастар Алматы Орталық мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастырып, арнайы әзірлеген дастарынан дәм татып, келелі басқосудан жандарына рухани нәр ала білді.