Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай «Құрмет» орденімен марапатталды (ФОТО)
Бүгін, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы қаласының бас имамы, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, «Исламтану» мамандығының докторанты Еркінбек қари Шоқай "Құрмет" орденімен марапатталды. “Құрмет” орденін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз қолымен табыстады.
Осы ретте бас имам:
«Осындай марапатқа лайықты көріп мені ұсынған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа және Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз хазретке алғысымды білдіремін. Бұл ел мен дінге аянбай қызмет етіп жүрген Алматы қаласы имамдарының ортақ марапаты әрі абыройы. Мемлекет басшысының сенімі әрі жүктеген жауапкершілігі біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта ары қарай белсенді қызмет ете беруге, сенімді ақтауға, жауапкершілікті абыроймен атқаруға орасан зор шабыт береді деп қабылдаймыз. Барша әріптестеріме рахмет айтамын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әумин!» – деп өзінің facebook әлеуметтік желісінде пікір білдірді.
Azan.kz