KFC біздің сертификатты алмаса да, тексеріс жүргіземіз
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Жаңалықтар

KFC біздің сертификатты алмаса да, тексеріс жүргіземіз

Осыдан тура бір ай бұрын ҚМДБ-ның әйгілі «KFC» өнімдерінен «Халал» сертификатын қайтарып, қоғамда резонанс туғаны баршаға мәлім. Ең қызығы, көпшілік сүйіп жейтін ыстық тауықтарда «Қазақстанның Халал индустрия Ассоциациясының» сертификаты да бар болып шықты. Тұтынып отырған ас-суына аса мән беретін кей жанның бұдан кейін екі ойлы болып қалғаны бесенеден белгілі. Осы мәселе төңірегінде және «халал» сертификатына қатысты ҚМДБ жанынан құрылған «Халал Даму» ЖШС директорының орынбасары Әнуар Елжановты сөзге тартқан едік.

 

— Әнуар мырза, не үшін KFC мейрамханалар желісінен «халал» сертификатын қайтарып алдыңыздар?

 

— Себебі кез-келген кәсіпорынмен келісімшарт жасаған кезде біздің талаптарымыз бірінші орында тұруы тиіс. Яғни, олар қай өнімді пайдаланады, біз соның бәрін жіті бақылауда ұстаймыз.

Біз «KFC» мекемесімен екі жыл бойы серіктес ретінде жұмыс атқардық. Әр ай сайын облыс бойынша жауапты өкіл өз аумағына қарасты «KFC» мекемелерінде тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бақылау есебін жіберіп отырды. Айлық тексеріс нәтижелері «Халал Дамудың» сайтына, әлеуметтік желілеріне жарияланып, ашық түрде халық назарына ұсынылады. Осындай тексеріс кезінде әр облыстағы жауапты өкілдеріміз «КFС» ресторандар желісінің сертификаттаудан өтпеген, біздің стандарт талаптарымызға сай келмейтін құс өнімдерін пайдаланып жатқандығын анықтады.

Келісімшарттың 7.1 тармағында: «Осы келісімшарт бойынша тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер, тараптардың келісімі бойынша келіссөздер арқылы шешіледі»,-деп көрсетілген. Осы тармақ бойынша бірнеше ай бойы  «КFС» басшылығымен жүргізілген келіссөздер өз нәтижесін бермегендіктен, келісімшарттың: «Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір  ереже бұзушылық немесе алдау әрекеті  анықталса, тапсырыс беруші «Халал Даму» ЖШС-ң қара тізіміне енгізіледі» деген  7.4 тармағына сәйкес сертификатымыз қайтарылып, «Халал Дамудың» қара тізіміне енгізілді.

Демек, біз мойнымызға үлкен жауапкершілік ала отырып, артымыздағы дүйім жұрттың, Қазақстандағы күллі мұсылмандардың аманатына қылдай қиянат жасауға қақымыз жоқ. Өзіміз белгілеген стандарттарға өзіміз қарсы келсек, біздің сертификатымыздың құны қанша?

 

— Өнімді қалай тексересіздер?

 

— Біздің тарапымыздан 14 облысымызда бекітілген 14 бақылаушы-инспекторларымыз бар. Мәселен, KFC қай елдің қандай стандарттарға сәйкес тауықтарын пайдаланып жатыр, міне, соны қадағаладық. Екі тараптың келісімі бойынша бекітілген келісімшарттың 3.1.8 тармағында «Орындаушы тарапынан өкілдердің белгіленген нысандарды  кедергісіз тексерулерін қамтамасыз ету», — деп көрсетілген.

Егер келісімшартта аталған құс фабрикаларынан тыс кәсіпорынның, әрі біздің белгілеген стандарттарға сәйкес өнімдерді пайдаланбаса, ескерту жасалынады. Мысалы, кейбір шаруашылықтар тауықтарды тез семірту үшін ұнтақталған құс сүйектерімен қоректендіреді екен. Бұл халал дүние емес. Ал біз Польшадағы сондай компаниядан KFC өнімдеріне шикізат әкелетінін анықтадық. Халал сертификатты алып қоюымыздың себебі – осы.

Біздегі басты шарт – адал қоректендірілген малдың немесе құстың қолмен сойылуы. Тоқпен ұру, басқа да ауыр нәрсемен талдырып тастау секілді болса, оны халал өнім деп айту қиын екенін баршаңыз білесіздер.

 

— Сонда бұл KFC өнімдері «харам» дегенді білдіре ме?

 

— Жоқ, біз ешуақытта KFC өнімдерін харам деп айтпаймыз. Тұтынушылардың осыны біле жүргені абзал. Сертификатты қайтару – діни басқарманың мойнынан жауапкершіліктің түскенін ғана білдіреді. Өйткені, басқа ұйымның «Халал» сертификаты тұр. Ал, өзіміз стандарттан шығып кетпейміз. Қай серіктесімізге болмасын бәріне ортақ талап, белгіленген стандарттар бар. Егер KFC мәселені реттеп, талабымызды орындаса біздің есігіміз әрдайым ашық.

 

— KFC-де «Қазақстанның Халал индустрия Ассоциациясының» сертификаты да бар екен. Ал, сіздер сертификаттарыңызды қайтарып алдыңыздар. Сонда тұтынушылар кімге сенеді?

 

— Қазіргі таңда халал сертификаттаумен айналысатын бірнеше органдар бар. Елімізде халал  индустриясына қатысты нақты бекітілген заңның болмауы себепті «халал» сертификаттарын беруде бірізділік жоқ болып тұр.
Марат Сәрсенбаев ағамыз басқаратын «Қазақстанның Халал индустрия Ассоциациясының» еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Алайда, «Қазақстан халал индустрия ассоциациясының» қандай стандартқа сай жұмыс істейтіндігін, лабораториялық жұмыстарды қалай жүргізетіндігін, бақылау-қадағалау жұмыстары қалай қадағаланатындығын білмейміз.

Біздің мақсатымыз – Қазақстанда «халал» индустриясының дамуына үлес қосу, нақты таза, халал өнімдердің нарыққа шығуына жол ашу және мұсылмандардың көңіліндегі күдікті сейілту.

Тағы бір айта кететін нәрсе, KFC өнімдері біздің сертификатты алмаса да, біз өз тарапымыздан тексермекпіз. Өйткені, халықтың сұранысына ие тағамның халал немесе халал емес екенін ескертуді біздің борышымыз санаймыз.

 

— «Халал индустрия дегеніміз – бизнес» деген пікірге қалай қарайсыз?

 

Әркімнің өзіндік пікірі, мақсаты бар. Алайда, ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ның сертификаты арқылы қыруар қаржы тауып, оны бизнес көзіне айналдыру ойымызда жоқ.

Бір айта кетерлігі, «ҚМДБ Халал» сертификатын иемдену әркімнің өз еркінде. Қазіргі таңда біздің сертификатымызды иемденген 250-ден астам кәсіпорын бар. Оларды ай сайын бақылап, қадағалап отырамыз. Сертификат сатылмайды, тек бақылау қызметіне ғана ақы төленеді.

 

— Өзіңіз тілге тиек еткен Марат Сәрсенбаев бір сұхбатында «…біздің қауымдастық – халықаралық деңгейдегі аккредитациядан өткен Қазақстандағы, жалпы ТМД аумағындағы жалғыз ұйым» деген болатын. Ал, сіздерде осы мақсатта қандай да бір жұмыстар жүргізіліп жатыр ма?

 

— Әрине, бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Былтыр қыркүйек айында Малайзияның JAKIM ассоциациясының мамандары Қазақстанға келіп, «Халал Даму» ЖШС-ін аккредитациядан өткізіп, әлемдік деңгейдегі сертификат табыстады.

Қазір «ҚМДБ Халал» сертификатымен нарыққа шыққан отандық компаниялардың өнімдері Иран, Грузия, БАӘ, Кувейт, Катар секілді мемлекеттерге экспортталып жатыр. Сондай-ақ, Ресей мен Қырғызстанның кей кәсіпорындары біздің сертификатымызбен өнім шығарады. Мәселен,  Ресейдің Санкт-Петербург, Томск, Новосибирск және Челябинск қалаларында біздің сертификат берілген кәсіпорындар бар.

 

— Сұхбатыңызға рақмет!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Теги: kfc халал

Тақырып бойынша жаңалықтар

Jacobs өнімдеріне "ҚМДБ Халал" сертификаты берілді (ФОТО)
Елімізде тағы бір мекеме "ҚМДБ Халал" сертификатына ие болды. 
КФС-ге берілген «ҚМДБ халал сертификаты» өз күшін жойды
Мекемеге берілген «ҚМДБ Халал» сертификаты мен «КФС» өнімдерінің сыртқы қаптамаларындағы «ҚМДБ халал» таңбасының өз күшін жойғандығын хабарлаймыз.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте мәлімдеді, - деп хабарлайды Azan.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап....
ҚМДБ-ға қарасты "Tawaf travel" қажылық компаниясы Умраға шақырады!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Tawaf travel" қажылық компаниясы Умраға шақырады!
Бас мүфти "Жусан" операциясына қатысты сұхбат берді (ФОТО+ВИДЕО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Apta" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына "Жусан" операциясына қатысты сұхбат берді....
Елге оралу. Сириядағы қазақстандықтарды құтқару операциясы (ВИДЕО)
5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына "Жусан" аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды
«Әзірет Сұлтан» мешітінде тәулік бойы жұмыс істейтін Call Орталық ашылды (ФОТО)
Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қос бірдей қуанышты оқиға орын алды. Ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың өзі келіп қатысқан Call Орталықтың іске қосылуы – Елорда жұртшылығы үшін ғана емес, еліміздің барлық тұрғындары үшін сүйінші жайт бол...
Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді
Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 00:27

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi