Jacobs өнімдеріне "ҚМДБ Халал" сертификаты берілді (ФОТО)

Елімізде тағы бір кәсіпорын "ҚМДБ Халал" сертификатына ие болды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС елімізге «Jacobs» атауымен танылған кофе брендінің 5 түрлі өнімін «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады.
Сертификатты ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай табыстады.