Жаңалықтар

Фото: Серікбай қажы Ораз Шымкентте Өзбекстан мүфтиімен кездесті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласында өткен «Бауырлас елдердің  рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум аясында Өзбекстан мүфтиі Усманхан қажы Алимовпен кездесті.
 
Кездесуде екі ел мүфтиі халықаралық форумда айтылған ұсыныстар мен пікірлерді талқылады. Сонымен қатар, қазақ-өзбек бауырластығын одан әрі нығайтуды көздейтін игі іс-шаралардың жоспары жайлы пікір алысты. Дін қайраткерлері Қазақстан мен Өзбекстанның Діни басқармалары арасында қабылданған екі жақты меморандум аясында атқарылар ауқымды жұмыстарды пысықтады.
 
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз биыл Орталық Азия елдерінің Ислам ғұламалары рамазан айы мен ораза айтты бір күнге белгілеп, ортақ пәтуаға келгенін айрықша атап өтті.
 
«Бұл тарихи шешім – біздің діни ауызбіршілігіміздің жарқын үлгісі. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында бірлескен игі шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Өз кезегінде Усманхан қажы Алимов халықаралық форумға арнайы шақырған еліміздің Бас мүфтиіне алғысы мен жылы лебізін жеткізіп, аталған шара қазақ-өзбек арасындағы рухани байланысты нығайта түсетінін сөз етті.
 
Кездесу соңында тараптар діни саладағы қарым-қатынасты күшейту, қазақ-өзбек тілінде діни кітаптарды бірлесе шығару, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, тәжірибе алмасу, екі елдің қасиетті жерлеріне зиярат жасау рәсімдерін ұйымдастыру, ғылыми жобаларды жүзеге асыру сынды іс-шаралар төңірегінде өзара уағдаласты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДЕРЕККӨЗІ ДУМК

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Тақырып бойынша жаңалықтар

БАС МҮФТИ МАЛАЙЗИЯ ЕЛШІСІМЕН ХАЛАЛ СТАНДАРТ МƏСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада мүфтияттың Бас кеңсесінде Малайзияның еліміздегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман бастаған біртоп делегацияны қабылдады....
ФОТО: БАС МҮФТИ АЛМАТЫ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет Алматы Орталық мешітінде «Қажылықтың хикметтері» тақырыбында жұма уағызын айтты....
ФОТО: БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛАРҒА СӘТ САПАР ТІЛЕДІ
Бүгін, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет қасиетті қажылық сапарына аттанғалы жатқан Алматы қажыларымен жүздесіп, оларға сәт сапар тіледі. ...
Мысырдан хат: Көңілден шыққан сәтті сапар!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының «Әл-Әзһар» университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық келісіміне сәйкес, Қазақстан бойынша имамдар мен ұстаздардан құралған тоғыз дін қызметкері екі айлық білім жетілдіру курсына жол тарттық....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мешіт аралық Құран жарысы мәреге жетті
Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Алматы қаласындағы «Әл-Мәдина» мешітінің бас имамы Бақытжан Көптілеуовтің ұйымдастыруымен және белгілі әнші Ернар Айдар мен Талғат Айдардың демеушілігімен қасиетті Құран Кәрімнің 30-шы парасы және «Духа» мен «Нәс» сүресіне дейін Алматы қаласы, Жетісу ауданы меші...
Фото: Алматының Бас мешітінде Айт мерекесі ұлықталды
Күллі момын-мұсылманды шат-шадыман қуанышқа бөлеп, әр шаңыраққа Алланың берекесі мен сәлемінің ұшқынын ала келетін Ораза Айт мерекесі Алматы қаласы Орталық мешітінде жоғары деңгейде өткізілді. Таң намазынан бастап ең әдемі киімдерін киіп, хош иістерін себініп, жүздері қуанышқа толған жамағат мешітке...
Бас имам Алматы қаласы жамағатын Ораза айтымен құттықтады!
Барша мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Күндердің сұлтаны болған Жұмамен тұспа-тұс келген Ораза айт мейрамы мүбарак болсын! Тақуалық пен ізгіліктің, жомарттық пен мейірімділіктің айы – қасиетті Рамазанда жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды Алла қабыл етс...
ВИДЕО: БАС МҮФТИ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қадірменді қауым! Баршаңызды мұсылман үмбетінің ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Біздің халқымыз рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт ...
Алматы қаласында Ораза айт намазы 15 маусым күні сағат 06:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады....
Фото: Алматыда сайыс жеңімпазына Ұмра қажылығы табыс етілді
Ислам – білім мен ғылым діні. Жер бетіне түсірілген қасиетті Құранның алғашқы аятының өзі білім алудың маңыздылығын баяндады. Алла Тағала «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен!» - деп оқуға, ізденуге маңыздылық беру керектігін ескертті....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
9 Раби-сани 1440
Миләди
17 желтоқсан 2018
Намаз уақыттары
қазір

Имсак 08:16

Бесінге дейін 04:19

Мусульманам на заметку

Ассалаумағалайкум! Где можно оставить вопрос на этом сайте?

Касенхан Мейiр
кеше

Уважение к матери

Ассаляму алейка Необходимо выполнение основного условия. Одинаковое отношение ко всем жёнам. Любить

ЕрКанат Ер
14 дек. 2018

Было бы желание!

Я нашла на сайте МИНБАР КЗ.....очень рада...там появилось..если кто не знает, коп рахмет...всеравн

Марьям ханафитка
12 дек. 2018

7 советов для тех, кто думает о разводе

Прошу у Вас прощения, что отнимаю у Вас время, не по праву, мне кажется мой вопрос является глупым.

Abylai Kamzin
3 дек. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi