Жаңалықтар
Бүгін, мұқым мұсылман үмбетінің қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, Алматы Орталық мешітінде Айт намазы оқылып, арты мерекелік көңіл күйге ұласты.
Құрбан айт намазынан алдын Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы мешітке жиналған жамағатқа «Құрбан айт және құрбан шалудың сауабы» атты тақырыпта уағыз айтты. Бас имам:
«Қадірменді жамағат! Қадірлі мұсылман бауырлар! Сіздерді, бүгінгі келіп жеткен Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңізге мәлім, мұсылмандардың екі ұлы мерекесі бар. Соның бірі – қасиетті қажылық айындағы Құрбан айт мейрамы. Бұл күні, біз, «Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал» деген Құранның бұйрығын орындау арқылы Алланың разылығы мен мол сауабына кенелеміз. Шалған құрбандығымыз қабыл, ниетіміз асыл болсын!» – деп өзінің ыстық лебізін білдірді.
Содан айт намазы оқылып, дәметкен әруақтарға құран бағышталды. Артынан қол жайып дұға жасалып, қалың жұртшылық бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, арқа-жарқа күйге бөленді.
Кезек мешіт ауласында мешіт қонақтары үшін, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен арнайы әзірленген мерекелік шараға ойысты. Ең алдымен, Бас имам құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Ал, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Айдар Есенбеков мұсылмандардың төл мерекесімен құттықтады. Әрі осындай мамырай, бейбіт кезеңге жеткізіп, емін-еркін құлшылық етуге мүмкіндік берген, бірінші кезекте, Аллаға мақтаулар айтып, екінші ретте, мемлекет билігіне өз алғысын білдірді.
Мешіт ауласына тігілген еңселі киіз үйге қадірлі қонақтар мен ақсақалдар шақырылды. Олар мерекелік дастарханнан дәм татып, өздерінің ақ тілектерін арнап, құтты болсын айтты.
Мешіт жамағаты арасында қошқар көтеру, қол күрестіру, бағанаға өрмелеп шығу, асық ату сынды ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар өтті. Жақсы өнер көрсеткен қатысушыларға қомақты сыйлықтар табысталды.
Ал, балалар үшін батут қалашығы құрылып, бейнелеу өнері бұрышы жұмыс істеді. Айналма пойыз бен пультпен басқарылатын электр көліктер пайдалануға берілді. Балмұздақ пен тәтті мақталар тегін таратылды. 1000-нан аса мешіт жамағатына Ас берілді. Сонымен қатар мешіттің қасапханасында құрбандықтар шалынып, еттері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үлестірілді.
Құрбан айт құтты болсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫДАҒЫ ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛДЕРІ МҰСЫЛМАНДАРДЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Алматылық өзге дін өкілдерінің басшылары Алматы Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, толеранттылқ пен татулықтың жарқын үлгісін танытты....
ФОТО: В РАМКАХ АКЦИИ АКЦИЯ «ДОРОГА В ШКОЛУ» ОКАЗАНА ПОМОЩЬ 1300 ДЕТЯМ
Данное мероприятие было проспонсировано депутатом маслихата г.Алматы, известным предпринимателем Кайратом Кудайбергеновым, корпоративным фондом «Уақып» и благотворительным сообществом «Ихлас». Данную акцию поддержали также имамы мечетей г. Алматы и внесли вклад в размере 10% от своей заработной плат...
Алматы қаласы бойынша мешіттерде өтетін Құрбан күнінің мерекелік бағдарламасы
Алматы қаласы бойынша мешіттерде өтетін Құрбан күнінің мерекелік бағдарламасы
ФОТО: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 1300 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен Алматы орталық мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті....
Алматы қаласы бойынша құрбандық шалынатын орындардың тізімі анықталды
тұр.
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының (3 тарау, 7 бап, 2 тармақ), талаптарына сай: «Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемеле...
Алматы қаласы бойынша Айт намазы 21 тамыз күні оқылады
Алматы қаласы бойынша Айт намазының уақыты белгіленді