Алматылық өзге дін өкілдерінің басшылары Алматы Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Алланың үйіне бас сұққан өзге дін өкілдерін Бас имам Еркінбек қари Керімбекұлы және мешіт имамдары жылы жүзбен қарсы алып, мешітті таныстырды. Олар да өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарға қанықты.
Содан қонақтар мешіт ауласындағы киіз үйге шақырылып, мерекелік дастарханнан дәм татты. Олар тіл үйірер ұлттық тағамдарымызға тамсанып, мұсылман қазақтың қонайжайлылығына қайран қалды.
Түрлі дін өкілдерінің осылай бір шаңырақ астына жиналып, бас қосулары еліміздегі әртүрлі дін және ұлт өкілдерінің ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатқанының дәлелі деуге болады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі