«ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ» 664-БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 664-баспана кілтін табыстау рәсіміне қатысты.
Игі іс-шарада Алатау ауданы «Дархан» мешітінде көп жылдан бері тазалықшы қызметінде жүрген көпбалалы ана мен мешіт тазалығына қолқабыс болған бүлдіршінге баспана кілтін табыстады.
«Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Өйткені, мешіт біздің қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Осы орайда мешіттің жылдар бойы тазалық жұмысына қосқан сүбелі үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Еңбегіңізді елусіз қалдырмай бүлдіршіннің отбасына көмек бастамасын көтерген «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлына және демеуші блогерлерге алғыс білдіремін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын» деді шаһардың бас имамы Төлеби Оспан.
Игі шараға демеушілік көрсеткен белсенді блогерлер, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов, Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев, «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлы және бірқатар дін қызметкерлері қатысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі