ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА ШЕЙІТ БОЛҒАН САРБАЗДАР РУХЫНА ДҰҒА БАҒЫШТАЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап Құран оқып, дұға жасау рәсіміне қатысты.
«Аtamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымы 2023 жыл 22-маусым күні еліміздің мешіттерінде Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап бір мезгілде Құран оқып, дұға бағыштау өткізуге ниет білдірді. Осыған орай бүгін Алматы Орталық мешітінде жамағатпен бірге дін қызметкерлері Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен сарбаздардың және отан қорғау жолында шейіт болған боздақтардың рухына арнап қасиетті Құран аяттары оқылып, дұға жасалды.
«Ер есімі - ел есінде» тұтастай жұрт саулығы мен тыныштығы үшін жанын құрбан еткен сарбаздар рухы шат болғай! Әумин!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі