«ЕКІ ДҮНИЕ САРДАРЫ» РУХАНИ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ
Алматы қаласы Алатау ауданы «Дархан» мешітінде «Екі дүние сардары» атты мәуліт кеші өтті.
Рухани шараға Алатау ауданының бас имамы Садиев Амантай, «Нұрлытау» мешітінің бас имамы Ерлан Құлмырзаұлы және қала мешіттерінде қызмет етіп жүрген діни-руханият өкілдері де қатысты. Мәуліт мерекесіне орай, шәкірттерге арнайы дайындаған мәдени қойылымдар қойылып, рухани бағдарламалар көрсетілді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен интерактивті сұрақ-жауап өткізілді. Жамағат арасында сұрақтарға дұрыс жауап берген белсенділерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара барысында Алатау ауданының бас имамы Садиев Амантай рухани кешті ұйымдастырған «Дархан» мешітінің бас имамы Айдос Шарапатбекұлына, демеушілік еткен жамағатқа алғысын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі