МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ 400 КГ АЛМА ҮЛЕСТІРІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Макка» мешіті бірлесіп медресе шәкірттеріне 400 кг алма үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы аясында жамағат пен дін қызметкерлері бірлесе күзгі бақтан жаңа піскен алма жемісін теріп алды. Дәруменге бай Алатау бөктеріндегі күзгі піскен алмалар арнайы жәшіктерге салынып, медресе шәкірттеріне үлестірілді. Өз кезегінде шәкірттер мен медресе ұжымы «Зекет және қайырымдылық» өкілдері мен «Макка» мешітінің дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.




