Алматы: "10 күнде Құранға түс!" курсының шәкірттеріне сертификаттар берілді
Рамазан айының құрметіне орай, Алматы қаласы Орталық мешітінің «Әйел-қыздар» секторы «10 күнде Құранға түс!» атты сауат ашу курсын ұйымдастырып, аталмыш курсқа қатысқан алғашқы топтағы 55 қыз-келіншекке білім сертификаттарын табыстады.
Құранға түскен әрбір шәкіртке Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқай бір-бір Құраннан үлестірді. Бұл шәкірттердің білімге деген талабын одан әрі арттыра түсті.
Бұл жоба жалғасын табуда. Рамазан айы аяқталғанша осындай 2 топ ашылу көзделіп отыр.