АҚСАЙ МЕШІТІ "РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН" ТАРАТТЫ
![](/media/images/6274a6d6c4f47.jpg)
Әуезов ауданы Ақсай мешітінде Рамазан айының соңғы күнінде тағыда бір қайырымдылық шарасы өтті.
50 мұқтаж отбасына азық-түліктер салынған "Рамазан қоржыны" үлестірілді. Қайырымдылық шарасына жұмсалған қаражат 750 мың теңгені құрады. Ұйымдастырушы "Ақсай" мешітінің дін қызметкерлері мен демеушілік көрсеткен азаматтарға Алла сауаптан жазсын.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі