Шешенстанда нәрестелеріне Мұхаммед және оның отбасы мүшелерінің есімін бергендерге 500 мың теңге төленеді
![](/media/images/5f9bb04b41636.jpg)
Бұл туралы Шешенстан үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Хабарламаға сәйкес, бұл жыл сайынғы акция, бірақ бұған дейін тек оған ер балалардың ата-аналары ғана өтініш бере алған.
"Мұхаммед пайғамбардың көптеген есімдері болған. Олардың ішінде: Ахмад, Махмуд, Хамид, Амин, Шахид және басқалары", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар пайғамбардың жеті баласы болғанын еске салады: ұлдары - Абдуллах, Ибрахим, Қасым және қыздары - Үммігүлсім, Фатима, Рукайя және Зейнеп.
stan.kz