Елорда төріне ұлы тұлғалардың өнегелі сөзі ілінді (ФОТО)
![](/media/images/5e1a4122e03c0.jpg)
Бас қаланың көрнекі орындарына қазақтың ұлы ғұламаларының өнегелі сөздері ілінді.
«Бас қаламыздың көрікті жерлерінде тарихи тұлғаларымыз бейнеленген және ұлыларымыздың ұлағатты сөзі жазылған билбордтар, пилондар іліне бастады. Бұл — екінші лек. Былтыр 40-50-ге жуық билборд эскизі қаламыздағы аялдамаларға, көше мен даңғыл бойларына, парктерге ілінген болатын. Олар әлі тұр. Енді олардың қатарын 100-ге жуық жаңа билборд толықтыра бастады», — деп жазды Нұр-Сұлтан қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп өзінің Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанның көрнекі орындарына ұлылардың өнегелі сөздерін ілу дәстүрі өткен жылдың жазында басталды.
kazislam.kz