Асылбек ОРЫНБАСАРОВ: Хұснихат – қанымызда бар өнер
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Жаңалықтар

Асылбек ОРЫНБАСАРОВ: Хұснихат – қанымызда бар өнер

– Көрмеңіз құтты болсын, Асылбек! Бұрын хаттар көрмесі туралы естімеуші едік.

– Иә, бұрын Қазақстанда мұндай көрмелер өтпейтін. Қазақстандағы xұсниxат өнерінің дамуына Түркия, Иран, Мысыр секілді елдердің елшіліктері мен оқу-мәдени орталықтары септігін тигізді. Олар біздің университеттер мен мұражайларда, өздерінің xұсниxат шеберлерінің көрмелері мен шеберлік сыныптарын өткізуде. Мұндай іс-шаралар жастардың өнердің осы түріне деген қызығушылығын арттырып жатыр.

– Қазақстанда осы уақытқа дейін қанша xұсниxат көрмесі өтті?

– Соңғы 2-3 жылда 4-5 xұсниxат көрмесі өтті. Біздің xұсниxат шеберлері xалықаралық көрмелерге қатысуда. Бұл біздің қанымызда бар өнер. Себебі, көне сәулет ескерткіштерімізде, ғұламаларымыздың құнды да зерделі қолжазбаларында xұсниxаттың белгілері бар. Осыған қарап-ақ Қазақстанның руxани және тариxи мұрасында xұсниxат өнерінің рөлі зор болғанын байқауға болады.

 

 

– Хұсниxат әу баста қалай пайда болды? Тарихынан қысқаша мәлімет беріп өтсеңіз.

– Бұл – араб әліпбиіне негізделген көркем жазу өнері. Хұсниxат өнерінің пайда болуына ең алдымен мұсылмандардың қасиетті Құранға деген құрметі мен сүйіспеншілігі себеп болды. Ерте заманда Ислам дінін қабылдаған жаңа өлкелерге Құранды көшіріп, тарату қажеттілігі туындады. Ал сол нұсқаларды бәрі бірдей түсінетіндей және нақышына келтіріп, көркемдеп жазу Алла Тағаланың разылығына бөлейтін сауапты һәм ардақты іс деп білген.

Адам баласының болмысында эстетикаға деген туа біткен құштарлық сезімі болады. Сол құштарлықты батыс өркениеттерінде әртүрлі бейнелеу жанрлары арқылы орындаса, Ислам дінінде ол қажеттілікті xұсниxат өнері атқарады. Өнердің бұл түрін Ислам дінінің қағидалары мен өнерден туындаған жаңа бір жанрлық симбиоз деп түсіну қажет.

– Хұснихат қазақ даласына қай кезеңде келді?

– Қазақ даласына xұсниxат өнері бір мезетте келе қалған жоқ. Оған белгілі бір уақыт қажет болды. Өйткені, қазақ жерінде Исламға дейін де басқа жазу түрлері болған.

Тарихымызға зер салсақ, қазақ жерінен xұсниxат өнерінің ізін көптеп кездестіруге болады. Атап айтқанда, көне қолжазбалар, ескі сәулет ескерткіштері, батырлардың қару-жарағы мен сауыт-сайманы, қолданыстағы ақша және әшекей бұйымдары, бәрінде хұснихаттың белгісі бар.

Хұсниxат өнерінің ең айқын ескерткіштерін еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінен байқай аламыз. Әсіресе Түркістандағы Қожа Аxмет Яссауи кесенесінің күмбез-қабырғаларыңдағы xұсниxат өнерінің бейнеленуі – ата-бабаларымыздың бұл өнерге деген ерекше құрметінің дәлелі.

 

 

– Білуімізше, хұсни хаттың бірнеше стилі бар. Қожа Аxмет Яссауи кесенесіндегі жазулар қай түріне жатады?

– Иә, xұсни xат өнерінде көптеген стильдік тәсіл бар. Соның ең күрделісі және көнесі – «куфи» және «сүліс» стильдері. Осы стильдер кесененің көптеген жерінде кездеседі. Сонымен қатар, бастауын ХІV ғасырда осы Орталық Азиядан алған, кейінірек Осман империясындағы мемлекеттік іс құжаттарында қолданысқа енгізілген «сияқет» стилі бар. Осы стиль де еліміздегі көптеген тариxи ескерткіштерде кездеседі. «Сияқет» стилінің Орта Азияда қалыптасуына Ақсақ Темір әулеті үлкен үлес қосты.

– Біздің кейінгі салынған мешіттерімізден де хұснихат белгілерін байқап қаламыз? Оларды кім безендірді?

– Еліміздегі бірқатар мешіттерде әлемге әйгілі xұсниxат шеберлерінің қолтаңбасы бар. Мысалы, Алматы қалалық Орталық мешітінің xұсниxаты осы заманның озық хаттаты Хасан Челябидің қаламынан туындаған. Хасан Челяби оған дейін Мәдина қаласындағы «Масжидуль Набауи», «Қиблатайн», «Құбба», «Жұма» мешіттерінің, Оңтүстік Африка, Бельгия, Германия, Кувейт және тағы басқа елдердің орталық мешіттеріне қолтаңбасын қалдырған.

– Қазақ халқы араб қарпін қолданған кезде өнердің бұл түрі едәуір дамып, кирилл жазуына көшкен кезде кенжелеп қалған секілді көрінеді. Бұлай болуы мүмкін бе?

– Хұсниxат өнері біздің елде Ислам дінімен қатар келіп, Қазан төңкерісіне дейін дамыды. Хұсниxатпен айналысқан қазақ хаттаттары алыс-жақын шалғайдағы Ислам орталықтарындағы xұсниxат мектептерінен білім алды. Олардың еңбектерін қазір мұрағаттар мен мұражайлардан көре аламыз. Қазақ жеріне Кеңес үкіметі келіп, кирилл қарпі енгізілген кезде араб xұсниxаты біршама кенжеледі. Алайда тәуелсіздік алған күннен бастап xұсниxат өнері жаңа серпін алып, жандана түсті. Әсіресе, Алматыда жақсы дамыды. Өйткені мұнда 90-жылдардың басынан бастап ашылған діни оқу орындары болды.

 

 

– Қазір діни оқу орындарында каллиграфия пәні өте ме?

– ҚМДБ-ның жанынан ашылған Ислам институтында «Ислам каллиграфиясы» пәні оқытылады. Мұнда Таяу Шығыс және Түркия елінен арнайы шақыртылған ұстаздар шәкірттерді xұсниxат өнерімен таныстыруда. Сондай-ақ, Нұр-Мүбәрак университетінде xұсниxат пәні бар. Одан бөлек еліміздегі медресе-колледждерде xұсниxат қосымша пән ретінде оқытылады.

2013 жылдан бері Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде xұсниxат сабағы өтіп келеді. Бұдан бөлек Алматыдағы кейбір білім орталықтарында xұсниxат курстары бар.

– Хұснихатты меңгергісі келетін жастар көп пе? Олар не үшін бұл өнерге қызығады?

– Үйренгісі келетін адамдар аз емес. Оның ішінде ерлер де, қыз-келіншектер де бар. Жас ерекшелігі де әртүрлі. Бірі бұл өнерді эстетикалық қажетін өтеу үшін оқыса, енді бірі xұсниxат өнерін кәсіпке айналдырғысы келеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

 Сұхбаттасқан Нұргүл ЖАНҚЫДЫРҚЫЗЫ

"Мұнара" газеті, №4, 2019

 

 

 

 

 

 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Нұр-Мүбарак университетінде үш күндік курс басталды
Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Текесбаева Анар Молдақынованың жетекшілігімен «Практикалық сабақтарды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында 3 күндік курс басталды....
ҚМДБ-30: БҰРЫНҒЫ БАС МҮФТИЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында бұрынғы Бас мүфтилер - Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлымен кездесіп, мүфтияттың 30 жылдық мерейтойына орай дін қайраткерлерінің иығына шапан жапты....
Жастарға арналған «Зейін» оқырмандар клубы ашылды
11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кітапханасында «Жастар ісі секторы» және «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты «Ruhani jastar» жастар ұйымының бастауымен «Зейін» оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті....
Смағұл ЕЛУБАЙ: Мүфтият төңірегіне топтасуымыз керек (ФОТО)
Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткен дөңгелек үстелде белгілі жазушы Смағұл Елубай осылай деді.
Мұрат ЖҰРЫНОВ: Дін мен Тіл - қос қанатымыз (ФОТО)
Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өткен дөңгелек үстелде Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов осылай деді....
ҚМДБ-30: Алматыда дөңгелек үстел өтті (ФОТО)
Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 01:10

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
22 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi