ҚҰРБАН АЙТТА НАЗАРҒА АЛАТЫН 10 КЕҢЕС
Тараз
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 21:36
Тараз
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Тараз
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:51 04:33 12:16 17:34 19:54 21:36
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
11 Зуль-хиджа 1446
Миләди
07 маусым 2025

Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТТА НАЗАРҒА АЛАТЫН 10 КЕҢЕС

Ардақты алматылықтар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық беріп, айт күндері атқаратын игі істерімізді қабыл еткей!

28 мамыр күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада өткізген брифингте биылғы Құрбан айт күндері 6-7-8 маусымға тұспа-тұс келгенін хабарлады.

Осыған орай, сіздерді Құрбан айт күндері орындалатын рәсімдермен таныстырып өтейік.

Бірінші, Алматы қаласындағы 56 мешітте айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Мерекелік намазға баршаңызды шақырамыз. Өйткені, айтты тойлау, мерекелік намазды оқудан басталады.

Екінші, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құрбандық – бабамыз Ибраһимнен қалған сүннет. Құрбандыққа шалған малдың әрбір тал қылшығынан сауап бар», - деп сүйіншілеген. Сондықтан құрбан айт күндері мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалғаны жөн.

Үшінші, құрбан қашан шалынады? Бұл ғибадат ­– Құрбан айт намазын оқып алғаннан кейін басталып, айттың үшінші күнінің ақшам намазына дейін жалғасады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мерекенің басталуы мен құрбан шалудың уақытына қатысты: «Біздің бұл күнде алғашқы атқаратын ісіміз – айт намаз оқу, сосын үйімізге қайтып келіп, құрбандық шалу. Кімде-кім осылай етсе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалатын болса, оның құрбандығының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Мұның құрбан болуы мүмкін емес», - деген. Сондықтан осы көрсетілген уақытта құрбан шалу аса маңызды екенін ескерейік. 

Төртінші, қандай мал шалынады? Төрт түлік малдан тек қана қой мен ешкі, сиыр және түйе ғана құрбандыққа шалынады. Қой мен ешкі бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толуы керек. Қой мен ешкі бір кісі атынан құрбан етіледі. Ал, сиыр мен түйені бір адамнан жеті адам дейін бірігіп құрбан шалу мүмкіндігіне ие.

Бесінші, 06-07-08 маусым Құрбан айт күндері Алматы қаласы әкімдігі құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 12 мешітті бекітті. Аталмыш орындарда мешіт қызметкерлері құрбандық шалудың шариғат талаптарына сай өтуін қадағалап, діни рәсімдерді атқарады. Қала тұрғындары тізімдегі мешіттерден құрбандық малдарын сатып алуға және сол орында құрбандықтарын шалуға жағдай жасалған.

Алтыншы, өткен жылдардағы тәжірибеге сай құрбан шалу рәсімін көпшіліктің сұранысына орай, онлайн түрде тапсырыс беру үшін «qurban.muftyat.kz» сайты қайта іске қосылды. Тұрғындар осы сайт арқылы құрбандық шалуға тапсырыс бере алады. Сонымен қатар құрбандығының шалынғандығы жөнінде видео-есеп  жолданатын болады. Алматы қаласындағы құрбандық етін алуға өтініштер «qurban.muftyat.kz» сайты арқылы қабылданады.

Осы тұста онлайн құрбан шалушы кісілерге аса мұқият болуға шақырамыз. Өйткені, құрбан шаламыз деп түрлі осыған ұқсас сайттар ашып, өз қызметін ұсынған сыңай танытып, елді алдап соғуы мүмкін. Жоғарыда аталған «qurban.muftyat.kz» сайты арқылы тапсырыс қабылданады.

Жетінші, жуырда бас мүфти Құрбан айтқа қатысты өткізген баспасөз мәслихатында: «Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бір даналық сөзінде Хаққа қызмет халыққа қызмет етуден басталатынын айтқан. Бұл – халықтың разылығы – Хақтың разылығында деген сөз. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын мал құнын қолдан көтермей, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын», - деп барша шаруа қожалықтарының басшыларына үндеу тастады. Біз өз кезегінде алматылық кәсіпкерлерге аталмыш үндеуге үн қосып, халыққа қолайлы бағада құрбан малын сатуға шақырамыз.

Сегізінші, Құрбандықты ақшалай берсе қабыл болады ма, деген ел ішінде сауал бар. Құрбандық – мал сойып, қан шығару арқылы орындалатын құлшылық. Алла Тағала Кәусар сүресінде: «Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал!» – деп бұйырған. Хадисте: «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан шығарудан абзал басқа құлшылықпен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны шыққан мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Малдың қаны жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Ендеше, құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар», - деген.

Сондықтан құрбан шалу – тек қана белгіленген малды сою арқылы орындалады. Демек, құрбандықты сатып алуға арналған қаражатты садақа ету құрбандық шалудың сауабына жеткізбейді. Алайда, айт күндері құрбандық шалумен қатар басқа да қайырымдылық шараларын жасау сауапты амал болып саналады.

Тоғызыншы, тазалық мәселесі. Ислам діні – тазалықты ту еткен дін. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Тазалық – иманның жартысы», - деген. Сондықтан ұлық мереке қарсаңында құрбандық шалынатын орындар мен көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойларында тазалықты сақтайық. Әсіресе, құрбандық шалынатын орындардағы тазалыққа мән бергеніміз жөн. Айт күндері құдайдың құзырында ең сүйкімді амал болған құрбандық шалу рәсімін ел сүйсінетін жағдайда атқаруға баршаңызды шақырамыз.

Оныншы, құрбан шалу рәсімін арнайы белгіленген орындарда ғана атқарылады. Көп қабатты үйлердің аулаларында, көше бойларында, балалар ойын алаңдарында, базарларда және басқа да қоғамдық орындарда құрбан шалу рәсімін өткізуге болмайды. Қоғамдық орындарда құрбан шалу кезінде мал қалдықтарының тез исі шығып, адамдарға қолайсыздық туғызады.  Сол себепті, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырамыз.

Жаратқан Иеміз құлшылықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей. Қасиетті орындарда қажылық парыздарын өтеп жүрген жерлестеріміздің дін аман елге оралуды жазсын. Алла Тағала күллі мұсылман үмметін жарылқап, асыл дініміз исламға күш-қуат бергей! Құрбан айт мерекесі құтты болып, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Әмин!

 

Алматы қаласының

Бас имамы Төлеби Оспан

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

АЛМАТЫДА «ҚҰРБАН АЙТ - 2025» БРИФИНГ ӨТТІ
Бүгін Алматы өкілдігі Өңірлік Коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, биылғы Құрбан айт жоспарымен бөлісті.
ХІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫНА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ӨТТІ
ҚМДБ Алматы қаласы бойынша ХІV Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өткізілді.
ҚМДБ: ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЙТ НАМАЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ
6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!...
ҚАСІРЕТТІ КҮН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасына қатысты....
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫ АЛДЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Орталық мешітте қажылық сапарына аттанғалы отырған жамағатпен кездесті. 
ҚҰРБАН АЙТ - 2025: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан аудан имамдары мен қала мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен Құрбан айт мерекесіне орай дайындық жиынын өткізді.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
11 Зуль-хиджа 1446
Миләди
07 маусым 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 21:36

Бамдатқа дейін 01:52

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Мужчины в намазе должны стоять впереди женщин. Если нет ограждения, то женщины н

Администратор Azankz
8 мам. 2025

Вопрос устазу: новые вопросы о посте

ранее задавала вопрос пишу повторноПо поводу своего вопроса хочу разъяснений так как данный вопрос

X
4 сәу. 2025

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Вы в чате задайте вопрос, вам устаз ответит

Администратор Azankz
2 сәу. 2025

44. Аль-Муджиб - Отвечающий на мольбы

Вам предписано сражаться, хотя это вам неприятно. Быть может, вам неприятно то, что является благом

X
5 нау. 2025

23. Вопрос о том, что деяния Аллаха являются результатом воли (выбора)

Да смилостивится над нами Аллаһ. Спасибо за предоставленную книгу

X
5 ақп. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi