Жаңалықтар

ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!

Қадірлі жамағат!
 
Баршаңызға қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын!
 
Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
 
 لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر
 
«Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген.
 
Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне деген шексіз қамқорлығы мен рақымы. Өйткені, мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Бұл дегеніміз – бір адамның өміріне татитын уақыт мөлшері. Яғни, Қадір түнінде Хақ Тағалаға ынты-шынтымен құлшылық еткен пенде ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады. Ал, әр жыл сайынғы Қадір түнін қаперге алсақ, онда мұсылман баласының қамшының сабындай қысқа ғұмырда жинаған сауабынан биік тау тұрғызатынын көзге елестетуге болады.
 
Иә, Қадір түнінің құт-берекесі шексіз. Себебі, қасиетке толы бұл кеште жер бетіне сан мыңдаған періштелер түседі. Періштелер тіпті жер бетіне сыймай, бір-біріне сығылысады. Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадис-шарифінде: «Ол түні жер бетіне түскен періштелердің саны ұсақ тастардың санынан да көп», – деп хабарлайды.
 
Періштелер мүміндерді айнала қоршай Алла Тағаланың оларға деген кешірімі мен мейірімін айтып сүйіншілейді. Алла Тағала Құран Кәрімде:
 
سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ
 
«Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады (Қадір, 5) – деп баяндайды.
 
Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді.
 
Қадір түнінде Алла ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерді арттыру, Құран Кәрімді оқып, тыңдап, түсінуге ынта қою, мешітке барып уағыз-насихат тыңдау, Жаббар Хаққа тәубе мен истиғфар жасау, Алла Тағаланы ұлықтау, еліміздің бірлігі мен игілігі, жер бетіндегі күллі мұсылмандар үшін дәйім дұға жасау – сауапты һәм абзал амалдардың бірі. 
 
Құрметті бауырлар!
 
Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалмай, таң рауандаған шаққа дейін жансебіл рухта Хаққа құлшылық қылып, жан-жүрегімізбен Алаштың қамы үшін дұға-тілек жасайық. Алла-Тағала Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетіп, дәйім қасиетті Қадір түнін қарсы ала беруді жазсын! Әмин!
ДЕРЕККӨЗІ ДУМК

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Тақырып бойынша жаңалықтар

Фото: Алматының Бас мешітінде Айт мерекесі ұлықталды
Күллі момын-мұсылманды шат-шадыман қуанышқа бөлеп, әр шаңыраққа Алланың берекесі мен сәлемінің ұшқынын ала келетін Ораза Айт мерекесі Алматы қаласы Орталық мешітінде жоғары деңгейде өткізілді. Таң намазынан бастап ең әдемі киімдерін киіп, хош иістерін себініп, жүздері қуанышқа толған жамағат мешітке...
Бас имам Алматы қаласы жамағатын Ораза айтымен құттықтады!
Барша мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Күндердің сұлтаны болған Жұмамен тұспа-тұс келген Ораза айт мейрамы мүбарак болсын! Тақуалық пен ізгіліктің, жомарттық пен мейірімділіктің айы – қасиетті Рамазанда жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды Алла қабыл етс...
ВИДЕО: БАС МҮФТИ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қадірменді қауым! Баршаңызды мұсылман үмбетінің ұлық мейрамы – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Қасиетті жұма күнімен қатар келген айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Біздің халқымыз рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп қадірлеген. Ал мереке күндері ағайын-жұрт ...
Алматы қаласында Ораза айт намазы 15 маусым күні сағат 06:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады....
Фото: Алматыда сайыс жеңімпазына Ұмра қажылығы табыс етілді
Ислам – білім мен ғылым діні. Жер бетіне түсірілген қасиетті Құранның алғашқы аятының өзі білім алудың маңыздылығын баяндады. Алла Тағала «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен!» - деп оқуға, ізденуге маңыздылық беру керектігін ескертті....
Фото: Алматы Орталық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
Алматы қаласы Орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу бүгін мың айдан да хайырлы болған Қадір түнінде аяқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы хатым дұғасын жасады. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

БАС МҮФТИ РЕСЕЙДІҢ БАС МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында қасиетті жұма күні аталған елдің ең үлкен мешітінде жамағатқа «Рамазан және мұсылман үмбетінің бірлігі» тақырыбында уағыз айтты....
БАС МҮФТИ ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИАФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматы қаласында өтіп жатқан XIV Еуразиялық медиафорумға қатысты.
ФОТО: АЛАТАУ БӨКТЕРІНДЕ БАС МҮФТИ АУЫЗАШАРЫ БЕРІЛДІ
Кеше Алматы қаласындағы «RIXOS» қонақ үйіндегі «BALLROOM» мейрамханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының атынан дастархан жайылып, ауызашар берілді....
ФОТО: БАС МҮФТИ АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІН АРАЛАП, УАҒЫЗ АЙТУДА
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айында Алматы қаласының мешіттерін аралап, тарауық намаздарына қатысып, уағыз айтуда....
БАС МҮФТИ АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІН АРАЛАП, УАҒЫЗ АЙТУДА
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айында Алматы қаласының мешіттерін аралап, тарауық намаздарына қатысып, уағыз айтуда....
БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУЫ: РАМАЗАН – РАҚЫМ АЙЫ!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілеймін! Баршаңызға Жаратқан Ием жар болсын!...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Зуль-хиджа 1439
Миләди
20 тамыз 2018
Намаз уақыттары
қазір

Имсак 06:00

Бесінге дейін 01:32

Ерсин Амире: Ислам и Независимость

Ассаламу алейкум! Абу дауд те және т.б. жерлерде келген Мұсылмандардың екі ғана мейрамдары бар ораза

Adilet Adilet
18 авг. 2018

Урок 5. Явное знание и его источники

как я понял в статье говорится о том что разум и внешний мир вступают во взаимодействие, посредством

Abylai Kamzin
17 авг. 2018

Ханафитский фикх по книге "Нуруль-идах ва наджатиль-арвах"

Уа алейкум ассалам уа рохматуллахи уа баракятух. Мы с учётом ваших пожеланий перезаписали уроки и ув

Модератор сайта
15 авг. 2018

Дуа от колдовства, сглаза и джиннов

оте унады. Алла разы болсын!

Nur Yagmur
9 авг. 2018

Тарауих намазы 2018

Осынын шындығы барма алде отирик пе :Құлақ неге шыңылдайды?Мұхаммед Пайғамбар миғраж сапарында алып

galim gg
7 авг. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi