Өкіл имам Халықаралық форумға қатысып, «Хабар» арнасына сұхбат берді (ФОТО)
Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО Мәденитеттерді жақындастыру орталығы Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық Онжылдығы аясында (2013-2022 жж.) «Ислам ағартушылары Фарабтан, Бағдаттан және Кордобадан еуропалық шіркеулер арқылы білім мәдениетіне» атты ІІ Алматы Халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті.
Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры Олжас Сүлейменов жүргізіп отырды.
Форум қатысушыларына ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры, «Әлем мәдниеті» қорының президенті Майор Сарагоса теле экран арқылы бейне-жолдау жасады.
Форумға Қазақстаннан, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа, АҚШ және Ресейден атақты ғалымдар мен зерттеушілер, мәдениеттанушылар қатысып, өздерінің баяндамаларын оқыды.
Форумның мақсаты – ислам әлемінің ортағасырлық ғалымдарының (Әл-Фараби, әл-Кинди, Ибн Рушд және басқалары) философиялық ойларын, ежелгі ғылым мен мәдениетті сақтау, сонымен қатар қайта өрлеу дәуіріндегі қосқан үлестерін көрсету; Білім алмасу және Шығыс пен Батыстың ағартушалырының ойлары адамзат өркениетінің дамуына, мәдениеттердің жақындасуы мен ғаламдық сананың қалыптасуына тигізетін әсер көрсету болды.
Форум екі күнге жалғасты.
Айта кетерлігі, аталмыш форумға ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынеша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай да қатысып, «Хабар» арнасына сұхбат берді.