Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне зиярат жасады (ФОТО)
Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Отырар ауданына ат басын бұрды.
Бас мүфти Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісовпен кездесіп, мүфтиятқа қатысты сауалдарға жауап берді. Аудан басшысы Бас мүфтиді қызметімен құттықтап, ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты. Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне арнайы зиярат жасады. Мұнда құрбандық шалынып, Құран оқылды.
Бұдан кейін Бас мүфтидің сапары Түркістан қаласында жалғасты. Ол жайлы алдағы уақытта хабарлаймыз.