Жаңалықтар

Фото: Алматы Орталық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Алматы қаласы Орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу бүгін мың айдан да хайырлы болған Қадір түнінде аяқталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы хатым дұғасын жасады.
 
Ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде Құран Кәрімнің хатым дұғасына Рахманның адал құлдары періштелердің қатысатындығы туралы айтылған болатын. Алла Тағаладан әрбір жамағаттың отбасының амандығын, еліміздің тыныштығын, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуін сұрап дұға жасалды.
 
Қасиетті түнде мешітке қарай ағылған жамағаттың легі түн ортасына дейін толастамай, келуде. Баршасы көңіліндегі мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін Алладан сұрап дұға етуде.
 
Бүгінгі қадірлі кеште Алматы жамағатымен арнайы жүздесуге келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Әділбаев Алау Шайқымұлы жиналған жамағатқа «Туралық пен шынайылық» туралы насихат айтып, ақиқат жолындағы мүміннің дәрежесінің биік екендігін тілге тиек етті.
 
Алла Тағала бүгінгі күні жасаған барша дұға-тілектерді, мінәжаттарды қабыл етсін!
 
Алматы қаласы Орталық мешітінің Баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тақырып бойынша жаңалықтар

Фото: Алматының Бас мешітінде Айт мерекесі ұлықталды
Күллі момын-мұсылманды шат-шадыман қуанышқа бөлеп, әр шаңыраққа Алланың берекесі мен сәлемінің ұшқынын ала келетін Ораза Айт мерекесі Алматы қаласы Орталық мешітінде жоғары деңгейде өткізілді. Таң намазынан бастап ең әдемі киімдерін киіп, хош иістерін себініп, жүздері қуанышқа толған жамағат мешітке...
Бас имам Алматы қаласы жамағатын Ораза айтымен құттықтады!
Барша мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Күндердің сұлтаны болған Жұмамен тұспа-тұс келген Ораза айт мейрамы мүбарак болсын! Тақуалық пен ізгіліктің, жомарттық пен мейірімділіктің айы – қасиетті Рамазанда жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды Алла қабыл етс...
Алматы қаласында Ораза айт намазы 15 маусым күні сағат 06:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады....
Фото: Алматыда сайыс жеңімпазына Ұмра қажылығы табыс етілді
Ислам – білім мен ғылым діні. Жер бетіне түсірілген қасиетті Құранның алғашқы аятының өзі білім алудың маңыздылығын баяндады. Алла Тағала «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен!» - деп оқуға, ізденуге маңыздылық беру керектігін ескертті....
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР КЕШІ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!
​​​​​​​Қадірлі жамағат! Баршаңызға қасиетті Қадір кеші мүбәрак болсын! Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген. Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылма...
Алматы қаласының мешіттерінде өтетін Құран хатым кестесі
Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласындағы барлық мешіттерде оқылатын Құран хатым дұғасының кестесін ұсынамыз. Ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан жеткендей Құран Кәрімнің хатым дұғасына қатысу зор сауаптарға жолықтырады....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматы қаласының мешіттерінде өтетін Құран хатым кестесі
Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласындағы барлық мешіттерде оқылатын Құран хатым дұғасының кестесін ұсынамыз. Ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан жеткендей Құран Кәрімнің хатым дұғасына қатысу зор сауаптарға жолықтырады....
Исламтанушы ғалым Сансызбай Құрбанұлы «Таугүл-3» мешітінде уағыз айтты
Алматы қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарушы Сансызбай Құрбанұлы «Тагүл-3» мешітінің жамағатына уағыз айтып, тарауих намазына қатысты....
Бас мүфти ардагерлер үйінде ауызашар берді
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет ардагерлер үйіне арнайы зиярат жасап, ауызашар дастарханын жайды. Бас мүфти хазретті ардагерлер үйінің директоры Раиса Мұсабекқызы күтіп алып, қарттарға жасалып отырған барлық жұмыстарымен таныстырды....
Бас мүфти «Байкен» мешітінде Құран хатымға қатысты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті рамазан айында Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Байкен» мешітінде болды. Тарауық намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтып, Құран хатым дұғасын жасап ақ батасын берді....
300 отбасыға қайырымдылық жасалды
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған Алматы қаласы Орталық мешіті қасиетті Рамазан айының қарсаңында 300 отбасыға көмек көрсетті.
АЛМАТЫДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қажы Шоқайдың ұйытқы болуымен қаламгер қауым мен журналистерге Орталық мешіт ауласында ауызашар берілді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
8 Зуль-хиджа 1439
Миләди
20 тамыз 2018
Намаз уақыттары
қазір

Имсак 06:00

Бесінге дейін 01:32

Ерсин Амире: Ислам и Независимость

Ассаламу алейкум! Абу дауд те және т.б. жерлерде келген Мұсылмандардың екі ғана мейрамдары бар ораза

Adilet Adilet
18 авг. 2018

Урок 5. Явное знание и его источники

как я понял в статье говорится о том что разум и внешний мир вступают во взаимодействие, посредством

Abylai Kamzin
17 авг. 2018

Ханафитский фикх по книге "Нуруль-идах ва наджатиль-арвах"

Уа алейкум ассалам уа рохматуллахи уа баракятух. Мы с учётом ваших пожеланий перезаписали уроки и ув

Модератор сайта
15 авг. 2018

Дуа от колдовства, сглаза и джиннов

оте унады. Алла разы болсын!

Nur Yagmur
9 авг. 2018

Тарауих намазы 2018

Осынын шындығы барма алде отирик пе :Құлақ неге шыңылдайды?Мұхаммед Пайғамбар миғраж сапарында алып

galim gg
7 авг. 2018
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi