Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІП АЛДЫ (ФОТО)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 20:06

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:38 05:00 11:54 16:42 18:43 20:06
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Шавваль 1445
Миләди
19 сәуір 2024

Жаңалықтар

Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АВТОКӨЛІК ЖЕҢІП АЛДЫ (ФОТО)

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы мәресіне жетті.

74 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының құрметті азаматтары мен ел ағалары, сондай-ақ, дін жанашыры, жарысқа демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов арнайы қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Түркістан облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, сонымен қатар демеуші болған Бахардин Нұғманұлына алғысымды білдіремін.

Қатысушылардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасындағы Кәмілжан, Сәдуақас, Данияр, Ерсін және Жұманазар қариларға да рақметімді айтып, Алла жар болсын демекпін. Осы отырған жап-жас қариларымыз өздеріңіз секілді білімді, абыройлы азамат болып өссін!» деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен қарилар байқауының жүлде қоры бұрынғыдан да қомақты болды. Мәселен бас жүлде иегеріне жол талғамайтын шетелдік көлік берілсе, 30 пара бойынша финалдық кезеңге жолдама алған 5 қаридың екеуіне ынталандыру сыйлығы ретінде ұмра қажылығына жолдама берілді. Сондай-ақ 20 пара бойынша тартысты өткен байқаудың да төртінші және бесінші орын иегерлеріне қазылар алқасының шешімімен ынталандыру сыйлығы табысталды.

Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын ( 1 000 000 теңге) – Қуаныш Сейтқанов (Алматы қаласы, 29 жаста)

ІІ орын (700 000 теңге) – Ерболат Шаудырбай (Нұр-Сұлтан қаласы, 24 жаста)

ІІІ орын (500 000 теңге) – Әнуар Сырымұлы (Алматы аймағы, 20 жаста)     

«10 пара» бойынша:       

І орын (1 500 000 теңге) – Гиесжон Абдикадиров (Павлодар облысы, 22 жаста)     

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Әділет Саяжанов (Қарағанды, 27 жаста)

ІІІ орын (750 000 теңге) – Әбілхайыр Жұбан (17 жаста)

«20 пара» бойынша:

І орын (2 000 000 теңге) – Нұртілеу Сейтқасым (Қарағанды, 9 жаста)

ІІ орын (1 500 000 теңге) – Хабиболла Раушан (Ақтөбе, 19 жаста)

ІІІ орын (1 000 000 теңге) – Исламнұры Игілік (Түркістан, 14 жаста)

ІV орын (700 000 теңге, ынталандыру сыйлығы) – Абдулбақи Абдилазиз (Алматы қаласы, 9 жаста)

V орын (500 000 теңге, ынталандыру сыйлығы) – Умайр Абдусаттар (Жамбыл облысы, 13 жаста)

«30 пара» бойынша:

Бас жүлде (автокөлік) – Әлібек Жалиев (Шымкент, 18 жаста)

ІІ орын (3 000 000 теңге) – Мансурхан Сарварханұлы (Алматы қаласы, 11 жаста)

ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Ниғматуллох Абдазимов (Түркістан, 14 жаста).

ІV орын (кіші қажылық) – Абуали Қалпашов (Ақмола облысы, 18 жаста)

V орын (кіші қажылық) – Бекзат Тасболатов (Ақтөбе, 18 жаста)

Жеңімпаздармен бірге байқауға қазылық жасаған елімізге белгілі қарилар Сәдуақас Олжабай (төраға), Кәмілжан Юлдашұлы, Данияр Жұмабай, Ерсін Әміре мен Жұманазар Садырхановқа Бас мүфти арнайы алғыс білдіріп, марапаттады.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған қарилар байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты байқау екі күн бойы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ТҮРКІСТАНДА Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау басталды....
ТҮРКІСТАНДА БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
Бүгін киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.
АЛМАТЫ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА ДӘРІСТЕР БАСТАЛДЫ
Алматы қаласы мешіттерінде әйел-қыздар жамағатына арналған дәрістер басталды.
АЛМАТЫ: "ӘБУ ХАНИФА" МЕДРЕСЕСІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінің ұйымдастыруымен «Әбу Ханифа» медресе шәкірттеріне көмек көрсетілді.
КЕНЖЕӘЛІ МЫРЗАБАЕВ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті аппарат жиналысын өткізген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенжеәлі Мырзабаевтың наиб мүфти қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді....
АЛМАТЫ: ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА ӨТКЕН ФУТБОЛ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)
Салауатты өмір салтын ұстану бағытында Алматы қаласы, Дін істері жөніндегі басқарма мен Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен футболдан турнир өтті. Алты айға созылған турнирге қаладағы 52 мешіттен 3000 ойыншыны қамтыған 300-ден астам команда қатысып, ақтық сайысқа өткен 8 команда финалдық кезеңд...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
10 Шавваль 1445
Миләди
19 сәуір 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:06

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
кеше

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi