СƏЛДЕ ОРАНҒАННЫҢ БƏРІ БІРДЕЙ МЕШІТТІҢ МОЛДАСЫ ЕМЕС
Əлеуметтік желіде желдей есіп жүрген бейнеге қатысты “Түркістан Қожа Ахмет-Яссауи” орталық мешітінің басшылығы ресми жауап берді.
Ордабасы ауданы Шұбар су ауылында дегендей, масаң күйде көше кезіп жүрген белгісіз азамат Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының да, Түркістан облыстық өкілдігіне қарасты мешіттердің де қызметкері емес екенін мəлімдейді.
Ол кісінің үстіндегі киімі де, басындағы сəлдесі де Мүфтият белгілеген, имамдарға арналған үлгіде емес. Жəне де бейнетаспаға түсіріп тұрған ауылдасы оны “Ақ тырна” деп атап шақырды. Сыраға сылқия тойған жанның кім екені ауылдастарына жақсырақ таныс.
Сондықтан сəлде оранып, шапан кигеннің бəрі мешіттің молдасы емес!
Түркістан Қожа Ахмет-Яссауи орталық мешітінің баспасөз қызметі