Алматы: Жастар жылына орай жастарға уағыз айтылды
Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауына орай, Алматы қаласы Орталық мешітінде ҚазҰУ-дың Phd докторанты, Орбита мешінің наиб имамы Ернар Мәжен қала жастарына арнайы уағыз айтты.
Әрине, болашақтың ең құнды капиталы – жастар. Жастар – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан еліміздің ертеңі болған жастарымыз иманды да тәрбиелі, оқыған, көзі ашық, білімді болуы керек.
Ернар Мәжен әртүрлі оқу орындарынан жиналған жастарға жастық шақтың қадірі, жастық уақытты тиімді пайдалану, білім алу, қазақ жастарының елжандылығы туралы маңызды тақырыпта мәні терең сөздер айтты.
Соңынан мешітке келген жастар Алматы Орталық мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастырып, арнайы әзірлеген дастарынан дәм татып, келелі басқосудан жандарына рухани нәр ала білді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі