Алматы қаласы мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті (ФОТО)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Жаңалықтар

Алматы қаласы мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінде қала мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті. Оған Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы Орталық мешітінің қызметкерлері және қала мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Жиынды Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Шоқай сөз сөйлеп жүргізіп отырды.

Бас имам өз сөзінде, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен, Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері атқарылған шаралар мен игі бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ, осы ретте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ымырашылдықтың арқасында қызмет атқарып жүрген мешіт имамдарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта атқарылуға тиісті жоспарларды да тілге тиек етті.

Одан кейін Наурызбай мен Медеу аудандарының бас имамдарына кезекпен сөз берілді. Олар өз аудандарына қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған шаралары, жасаған қайырымдылық жұмыстары, оқу-ағарту бағыттары бойынша баяндама оқыды.  

Жиын барысында Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев жастар жылы бойынша атқарылған жұмыстың есебін таныстырса, Орталық мешіт ұстазы Серік Ахметов қала мешіттерінің жұмыстарына сараптамалық баяндама жасады.

Қорытынды сөздің тізгінін қолына алған Бас имам жыл бойы атқарылған шараларға оң бағасын беріп, тиісті сын-ескертпелерін де айтты.

Жиын соңында Бас имам Алматы қаласында асыл дініміз – Исламның дамуына үлкен үлес қосып, дін жолында үлгілі қызмет етіп жүрген бірқатар мешіт қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстады.

Төменде 2019 жылы Алматы қаласы бойынша түрлі бағыттарда атқарылған жұмыстардың қысқаша есебін ұсынамыз.

Біріншіден, әкімшілік-ұйымдастырушылық, кадрмен қамтамасыз ету бойынша,

Қала мешіттерінің барлығы да имамдармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қала имамдарымен келісілген «Әр мешітке бір қари» жобасы бойынша, 35 мешіт қари қызметкерлермен қамтамасыз етілді.

Осы жылы қала әкімдігінің және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Алматы Орталық мешіті мен қаламыздың 16 мешітінің ауласы толық күрделі жөндеуден өтті.

Екіншіден, уағыз-насихат жұмыстары және Жастар ісі бойынша,

Қалада биылғы жылы 36212 шара өткізіліп, 1 853 390 адамды қамтыды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен осы жылдың сәуір айында Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан VIII республикалық жарысы 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. Бас жүлдеге жеңіл автокөлік тігілді.

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 17-қарашада  Республика сарайында 5 мың көрерменнің қатысуымен «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өткізілді. Ханафи мазхабының үлкен ғалымы Биркауидің «Әз пайғамбар хақ жолы» атты кітабы кешке келген халыққа үлестірілді.

Үшіншіден, жат ағыммен күрес жұмысы бойынша,

Бұл бағыттағы жұмыс Алматы қаласы Қоғамдық даму  басқармасымен, қаладағы Түзету және басқа да құзіретті мекемелермен бірлесе отырып 5547 кісіге түсіндіру жұмыстары жүргізілде.

Төртіншіден, сауат ашу курстары мен оқу-ағарту бойынша,

Биыл мешіттерімізде 7218 адам діни сауатын ашты.

Жасөспірімдердің жазғы каникулында ұйымдастырылған курстарға 2239 (1563 ұл, 676 қыз) бала қатысты. Бұлардың арасынан 62 талапкер ҚМДБ-ға қарасты оқу орындарына жолданды.

Орталық мешітте қыз-келіншектерге арналған тігін курсы жұмыс жасауда. Бүгінде 17 әйел кісі 4 айлық тігін курсын тамамдап, растайтын сертификаттарға ие болды.

Байкен мешітінде «Балапан қари» Құран жаттау орталығы ашылды.

Бүлдіршіндер арасындағы ІІІ Құран жарысы өтті.

Мешіт қызметкерлерінің аттестациясы және жергілікті биліктің қолдауымен мешіт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында 41 семинар өткізілді.

Бесіншіден, қайырымдылық бағыты бойынша,

Биыл жыл басынан бұл бағытта 1543 іс-шара өткізіліп, 332 609 әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен тұлғаларға жалпы соммасы 350 млн теңгені құрайтын көмек көрсетілді.

Алматы Орталық мешітінің ұйытқы болуымен былтырдан бері жұмыс жасап жатқан «Молдақасым ата уақып» асханасында әр күні 400 кісі, бір жылда 146 мыңға жуық мұқтаж жан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Бас мүфти хазіреттің тапсырмасына орай, «Арысқа жылу» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, Арыс тұрғындарына 15 тоннаға жуық заттай, 6-млн теңге шамасында қаржылай жәрдем жөнелтілді.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Құрбан айт» мерекесінің қарсаңында 1000 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкелері және «Құрбан айт құтты болсын!» атты тәттілермен толтырылған айттық сыйлық қорапшалары үлестірілді.

Медеу ауданы Аманқұл ата мешіті жанынан «Көк-Төбе», Алатау ауданы Бекет ата мешіті жанынан «Шаңырақ», одан соң, «Қарағайлы», «Арафат», «Қайрат» мешіттерінің қайырымдылық мекемелері ашылды.

Алтыншыдан, баспа өнімдерін шығару бойынша,

ҚМДБ-ның "Имам Мәтуриди" ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Әз пайғамбар хақ жолы», «Ислам әдебі», «Қасиетті Құран кәрімнің артықшылығына қатысты қырық хадис», «Республикалық Құран жарыстың фототарихы» кітаптары 17 000 тираж таралыммен жарық көрді.

Жетіншіден, БАҚ-тағы жұмыстар бойынша,

Алматы қаласы мешіттерінің дін қызметкерлері БАҚ беттерінде 92 ғылыми-танымдық материалдар жарияланды.

Жыл басынан бері azan.kz сайтына 2 млннан астам кісі кіріп, пайдаланған. 3,5 мыңнан астам сұраққа жауап берілді. 451 аудио-бейне материалдар жарияланды. Zero.kz рейтингтік жүйесінде Қазақстандық көшбастаушы 3000 сайттың арасында azan.kz сайты үздік 20-ның қатарында өзін көрсетуде.

Сонымен қатар осы бағытта барлық мешіттер facebook, Инстаграмм секілді әлеуметтік желіде өз парақшаларын ашып жұмыс жүргізуде.

 Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматыда «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинар өтті
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы имамдарына арналған «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты 2 күндік семинар-тренинг өтті....
Tұңғыш рет! Қазақстаннан тікелей рейс: Мекке-Мәдинаға!
Құрметті оқырмандар! Ұмраға алғашқы тікелей рейстің ұшуына тым аз уақыт қалды. Сондықтан жолдаманы ең тиімді бағамен сатып алуға асығыңыздар!
Жұма мүбарак!
"Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр ... " ("Хужурат" сүресі, 10-аят)
Алматыда «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтті
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Республика сарайында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айына арналған «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтті....
«ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік Мәуліт кешінен тікелей көрсетілім (LIVE)
2019 жылдың 17 қараша күні сағат 10:00 және 14:00-де ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Республика сарайында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) туған айына арналған «ӘЗ ПАЙҒАМБАР ХАҚ ЖОЛЫ» атты мерекелік мәуліт кеші өтеді.  ...
Алматы: «Байкен» мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті
Алматы қаласындағы «Байкен» мешітінде – мәуліт мерекесі аталып өтілді. Қазіргі жыл санаумен 571 жылы сәуірдің 20-сында рабиғәл-әууәл айының 12-інші жұлдызында Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Меккеде дүниеге келген. Ислам әлемінде және еліміз Қазақстанда аталмыш уақытқа мән беріліп, Пайғамбарымыздың ө...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 01:29

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi