Алматы: балаларға қамқорлық жасалды (ФОТО)
Алла елшісінің (с.а.с): «Кім Алла үшін жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» деген хадисін негізге алған Алматы қаласы, Медеу ауданының «Жастар ісі» секторы қызметкерлері «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жүздесіп, дастархан жайды.
Кездесу барысында мешіт қызыметкерлері тәлімді насихаттарын айтып, балалардың көңілін көтерді. Содан балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 80 балаға әртүрлі сыйлықтар табысталды.
Мекеме басшысы да мешіт қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.