Алматы: қайырымды жандар көп балалы анаға үйдің кілтін табыстады (ФОТО)
Кеше, Алматы қаласы Орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымды жандар 500 адамға ауызашар берді және көп балалы анаға үйдің кілтін табыстап, бір отбасының үміт отын жақты.
Кешкі ауыз ашар уақытында тарту етілген бұл сыйлыққа жиналған жамағат та ерекше әсерленді.
Қайырымды жандардың шарапатына бөленген алты баланың анасы жақсы іске қолқабыс тигізген баршаға алғыс білдіріп, Алланың разылығын тіледі.