54 ҚҰРАН КӘРІМ КІТАБЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Конституция күніне орай қаланың 54 мешітіне қасиетті Құран Кәрім кітабын үлестірді.
Медеу ауданы «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітіндегі «Ата заң - ел тірегі» тақырыбында өткізілген семинарға 8 аудан имамдары мен Медеу ауданына қарасты мешіт имамдары қатысты. Медеу ауданы мешіттеріне демеуші азаматтардың қолдауымен қазақша мағынасы мен түсініктемелері жазылған қасиетті Құран Кәрім кітабын қаланың барлық 54 мешітіне сыйға тартты. Дін қызметкерлерін Конституция күнімен арнайы құттықтаған Төлеби Дәділұлы 8 аудан имамдарына қасиетті кітапты табыстап: «Құран – күллі ғаламның Раббысы Алланың сөзі, ақырет әлемінің қасиетті картасы, мәңгі мен мәңгі еместі, көк пен жерді байланыстырушы берік дәнекері. Алланың адам баласын құтқару үшін жоғарыдан түсірген бекем жібі. Құран – Алла Тағаланың соңғы Елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқылы күллі адамзатқа жіберген теңдессіз мұғжиза кітабы», - деп атап өтті бас имам.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі