1 жылда 37 428 түп көшет отырғызылды (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 жылдыққа – 30 игі шара» аясында еліміз бойынша 37 428 түрлі көшет отырғызылды.
Игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ қызметкерлері, аймақтағы имам-молдалар, сонымен қатар 301 566 ерікті жастар қатысты.
Айта кетсек, түрлі көшеттер мешіт аулалары мен қаладағы саябақтарға отырғызылды.