ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ (МӘУЛІТ ЖАЙЛЫ)
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:33 06:54 11:42 14:42 16:24 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Джумада-сани 1448
Миләди
25 қараша 2026

Мақалалар

ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ (МӘУЛІТ ЖАЙЛЫ)

– | A | +

Адамзат тарихында өшпес із қалдырып, күллі әлемге мейірім мен ізгіліктің, адамгершілік пен көркем мінездің теңдессіз үлгісін көрсеткен ұлы тұлға – Алла Елшісі Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі адамзат тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі болды. Өйткені Алла Тағала соңғы Елшісін жіберу арқылы адамзатты қараңғылықтан нұрға, надандықтан білімге, зұлымдықтан әділдікке, алауыздықтан бірлікке шақырды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келуі – адасқанға тура жол, үмітсізге үміт, қатігездікке мейірім, жүректерге иман нұрын сыйлаған ұлы нығмет еді. Ол күллі адамзатқа рақым болып жіберіліп, өзінің өнегелі өмірімен ізгіліктің мәңгілік жолын көрсетті. Сондықтан Алла Тағала Құран Кәрімде: «(Уа, Мұхаммед!) Біз сені күллі әлемге теңдесі жоқ рақым ретінде ғана жібердік», – деген («Әнбия» сүресі, 107-аят).

Алла Тағала бұл аятта Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бүкіл әлемге рақым етіп жібергенін баяндайды. Яғни, Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық жаратылысқа рақым ретінде жіберді. Кімде-кім осы рақымды қабылдап, берілген нығметке шүкіршілік етсе, дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенеледі. Ал кім бұл рақымды қабылдамай, оны жоққа шығарса, дүниеде де, ақыретте де зиянға ұшырайды.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Мен лағынет айту үшін емес, оларға рақым болу үшін жіберілдім», – деген (имам Мүслим).

Хузайфа (Алла оған разы болсын) Мәдәин қаласында жүрген кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ашуланған сәтінде сахабаларының кейбіріне айтқан сөздерін елге жеткізіп жүретін. Мұны Хузайфадан естіген адамдар Салман Фарисиге (Алла оған разы болсын) барып, оған Хузайфаның айтқандарын жеткізетін. Сонда Салман (Алла оған разы болсын):

  •  Хузайфа не айтып жүргенін жақсы біледі, – дейтін. Олар қайтадан Хузайфаға (Алла оған разы болсын) келіп:
  •  Біз сенің айтқандарыңды Салманға жеткіздік. Бірақ ол сөзіңді растаған да, жоққа шығарған да жоқ, – деді. Содан кейін Хузайфа Салманның көкөніс өсіріп жатқан жеріне барып:
  •  Уа, Салман! Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) естіген сөздерімді растауыңа не кедергі? – деп сұрады. Сонда Салман (Алла оған разы болсын):
  •  Расында, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ашуланған кезінде кейбір сахабаларына ашумен сөз айтатын, ал разы болған кезінде басқа сахабаларына ризашылықпен сөз айтатын. Сен адамдарды осылайша бір-біріне деген сүйіспеншілік пен жеккөрушілікке итермелеп, араларында алауыздық пен бөлінушілік туғызуды қашан қоясың? Ал сен Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірде мінберде тұрып:

«Үмбетімнен қандай да бір адамға ашуланған сәтімде ауыр сөз айтқан болсам, мен де Адам баласынан тараған пендемін. Сендер ашуланғандай мен де ашуланамын. Алайда Алла мені бүкіл әлемге рақым етіп жіберді. Ендеше, сол сөздерімді Қиямет күні олар үшін дұға мен рақымға айналдырғай», – деп айтқанын жақсы білесің деді де Салман (Алла оған разы болсын) сөзін жалғастырып:

Алламен ант етемін! Сен мұндай әрекетіңді тоқтатасың. Әйтпесе, халифа Омарға сен туралы хат жазамын! – деді (имам Ахмад).

Мәуліт – осы ұлы нығметті еске алып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын, өнегесін, көркем мінезін танып-білуге мүмкіндік беретін тағылымды кезең.

Мұсылман баласы үшін Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүю – иманның ажырамас бөлігі. Алайда шынайы сүйіспеншілік тек тілмен айтылған сөзбен өлшенбейді  Ол адамның жүріс-тұрысынан, мінезінен, қарым-қатынасынан және күнделікті амалдарынан көрінуі керек. Алла Тағала қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла – өте кешірімді, ерекше мейірімді», – деген. («Әли Имран» сүресі, 31-аят).

Сәһл ибн Абдулла Тустари: «Алланы жақсы көрудің белгісі, Құранды жақсы көру. Құранды жақсы көрудің белгісі, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру. Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көрудің белгісі, сүннетті жақсы көру. Алланы, Құранды, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және сүннетті жақсы көрудің белгісі, ақыретті жақсы көру. Ақыретті жақсы көрудің белгісі, өзінің нәпсісін тану. Өз нәпсісін жақсы танудың белгісі, дүниені жек көру. Ал дүниені жек көрудің белгісі, одан тек сапарға қажетті азық пен жететін мөлшерді ғана алу», – деген.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегесі – адамгершіліктің, мейірімділіктің, сабырлылықтың және әділдіктің кемел үлгісі. Ол ешкімді кемсітпеді, ешкімге тәкаппарлық танытпады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетті. Жетімнің басынан сипап, мұқтаждың жағдайын сұрап, әлсіздің жанынан табылды.

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезі жайында сұралғанда: «Оның мінезі Құран еді», – деп жауап берген.

Қандай керемет сипат! Яғни Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі Құран қағидаларының іс жүзіндегі көрінісі болатын. Құран мейірімділікке шақырса – ол мейірімді болды, кешірімді болуға үндесе – ол кешірді, әділдікті бұйырса – ол әділдік танытты. Міне мұсылман баласы үшін ең үлкен өнеге осы.

 

Әл-Хамид мешітінің бас имамы

Асылхан қажы Аманқұлов

Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ (МӘУЛІТ ЖАЙЛЫ)

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж ПАЙҒАМБАР ӨНЕГЕСІ (МӘУЛІТ ЖАЙЛЫ)
Адамзат тарихында өшпес із қалдырып, күллі әлемге мейірім мен ізгіліктің, адамгершілік пен көркем мінездің теңдессіз үлгісін көрсеткен ұлы тұлға – Алла Елшісі Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі адамзат ...
Мәнһәж ҚҰРБАНДЫҚ АҚИҚАТЫ
Құрбан айт – күнтізбедегі мерекелік күн ғана емес. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы сынақтардың бірін еске салатын, жүректегі иман мен шынайы ықыластың өлшемін көрсететін қасиетті мейрам....
Мәнһәж ҚҰРАН - ҚОҒАМҒА МҰҒЖИЗА
«Күллі аспан әлем мен жердің жаратылысында, түн мен күннің бір ұзарып, бір қысқарып, бірін–бірі қуалап алма-кезек алмасуында, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген алып кемелерде, Алланың аспаннан жауын жаудырып, сол арқылы өлі жерге жан бітіруінде, жер бетіне жайған барлық тіршілік иелерінде, желд...
Мәнһәж ҚҰҚЫҚ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ислам дінінің Алла Тағала тарапынан адамзатқа түсірілуінің негізгі мақсаты адам баласының құқығының қорғалуы. Адам өмір сүруге, бас бостандығы, сөз бостандығы, білім алу мен табыс табу, не нәрсені иемдену мен әділдікке қақылы....
Мәнһәж ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІН БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАҒАН
«Алла» деп нәпсісін тыйғандар, Бұрынғы шайхы, ишандар. Жүргізген екен жұртына Шариғаттың хүкімін, Ұстаған діннің бүтінін... (Сәттіғұл Жанғабылұлы)
Мәнһәж АНАМНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Қамшының сабындай болған мына жалған өмірде анаңнан асқан қамқор, әрбір ісіңе тілеулес боп отыратын нағыз жанашыр адам жоқ екен. Ананың аялы алақанынан асқан жұмсақ нәрсе жоқ. Мұны уақыт өткен сайын сезініп келемін......
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Джумада-сани 1448
Миләди
25 қараша 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:28

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi