НАМАЗ - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Зухр 11:39
Алматы
Алматы Астана Шымкент Аксай Аксу Актау Актобе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Аркалык Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягоз Аққулы ауданы Байконур Байғанин ауданы Балхаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жанаозен Жанатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезказган Жетысай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Караганда Каратау Каскелен Келес ауданы Кентау Кокшетау Конаев Костанай Косшы Кульсары Курчатов Кызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавловск Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыагаш Сарыкөл ауданы Сарыозек Сатпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талгар Талдыкорган Тараз Таран ауданы Текели Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Туркестан Түлкібас кенті Узынагаш Уральск Усть-Каменогорск Федоровский р-он Форт-Шевченко Хромтау Целиноградский р-он Чапаево Чемолган Чу Шал ақын ауданы Шалкар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Экибастуз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
свернуть
Фаджр Восход Зухр Аср Магриб Иша
05:08 06:25 11:39 15:03 16:46 18:03
свернуть
Календарь
Хиджра
22 Джумада-авваль 1448
Григорианский
02 ноября 2026

Статьи

НАМАЗ - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

– | A | +

Адам баласының рухани жетілуі мен ішкі тазалығының бастауы — иман мен құлшылықта. Ал сол құлшылықтың ең ұлысы әрі ең тұрақтысы — намаз.

Намаз — мұсылманның Алламен тікелей байланысы, оның жүрегіне сабыр, тілегіне береке, бойына тәртіп пен тиянақтылық ұялататын ұлы ғибадат.

Құран Кәрімде Алла Тағала: «Намаз азғындық пен жаман істерден тыяды», - деп баяндайды («Анкабут» сүресі, 45-аят). Бұл аяттан ұғарымыз — намаз адамды тек рухани биіктікке емес, мінез тәрбиесіне де жетелейді. Намаз оқыған жан өз уақытын қадірлейді, ойы таза, сөзі анық, амалы әдепті болады. Тағы бір аятта Жаратқан иеміз былай дейді: «Раббыңды намазда сәжде етіп және түннің бір бөлігінде Оны еске алып ұлықта» («Инсан» сүресі, 26-аят). Бұл аят намаздың тек парыздық емес, сүйіспеншілік пен шүкірліктің көрінісі екенін көрсетеді. Яғни намаз — адамның Аллаға деген махаббатын, мойынсұнуын және рухани тәубесін тәрбиелейтін ерекше мектеп. Өйткені Алланы шын сүйген құл ғана түн ұйқысын төрт бөліп,  ең тәтті мезгілді қиып,  сол уақытты Раббысына құлшылыққа арнайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз — діннің тірегі» деген. Яғни діннің де, адамның да берекесі намазбен бірге. Өйткені кім намазды өмірінің өзегіне айналдырса, оның жүрегіне мейірім ұялап, айналасына да ізгілік нұрын шашады.

Басқа бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Қиямет күні пенденің ең әуелі сұралатыны — намаз. Егер намазы дұрыс болса, ол құтылады және есебі де оңай болады. Ал егер намазы бұзылса, онда ол өкінішке ұшырап, зиян шегеді» (әт-Тирмизи).

Бұл хадис намаздың адам өміріндегі ең негізгі тәрбие өлшемі екенін дәлелдейді. Себебі намаз дұрыс болса Қиямет күні пенде құтылған және есебі тура болады да,  ал бұзылса барлық ісі күйреп,  қасыретке ұшыраған болады. Намаз адамға жауапкершілікті, сабырды, уақыттың қадірін және адалдықты үйретеді. Күнделікті бес уақыт намаз — тәртіп пен тиянақтылықтың мектебі іспетті. Таң намазы ерте тұруға, бесін мен екінді — еңбексүйгіштікке, ақшам мен құптан — тыныштық пен шүкірге баулиды.

Қазақ халқы да ертеден-ақ: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», - деп бекер айтпаған. Ал намаз — тәртіптің ең жоғарғы үлгісі. Ол адамның сыртқы қимылын ғана емес, ішкі жан дүниесін де тәрбиелейді. Намаз оқыған жан өзін-өзі ұстай біледі, ашуға берілмейді, айналасына мейіріммен қарайды.

Халық даналығында: «Дін — жүректен, тәрбие — ниеттен» делінеді. Шынайы ниеттен туған намаз — адамды рухани кемелдікке, сабыр мен ұстамдылыққа жетелейді.

Қорытындылай келгенде, намаз — тек құлшылық емес, ол — өмір мектебі, мінез түзер тәрбие құралы. Кім намазды тұрақты оқыса, оның жаны тазарып, жүрегі тыныштық табады. Ал жүрегі тыныш адам — қоғамның берекесі. Намазына мұқият болған адам бойына өз нәпсісіне деген жауапкершілік,  тазалық, тұрақтылық және Жаратушысына деген махаббат пен сүйіспеншілік орнатары сөзсіз. Сондықтан әрбір мұсылман үшін намаз — тәрбие бастауы, рухани күштің және адамдық биіктіктің кілті.

 

Жарымбеков Нұрлан 
Д.Қонаев мешітінің наиб имамы

 

ИСТОЧНИК Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Теги: мақала 2025
Предыдущий Следующий
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНЫҢ СЫРЫ ҚАРИЯЛАР – ДАРХАН КӨҢІЛ ӨЛШЕМІ

Статьи по теме

Пайым-парасат САБЫР МЕН СЕНІМ - РУХАНИ ИММУНИТЕТ
Адам баласы өмірінде түрлі ситуацияларға, жағымды не жағымсыз жайттарға тап боп жатады. Алайда ол сынақтармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін оның бойындағы сабыр мен сенім көрсеткішіне жіті мән берген жөн. Өйткені бұл екеуі – адамға кезігетін рухани дерттердің, өмірлік жантүршігерлік жайттардың алд...
Исламдағы отбасы БАЛАЛЫ ҮЙ - БАЗАР
Қазақ дүниетанымында бала – өмірдің жалғасы, шаңырақтың шуағы, ұлттың болашағы. Ислам дінінде де балаға деген көзқарас ерекше, өйткені ұрпақ – Алланың аманаты әрі нығметі....
Ислам тарихы ИСЛАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ ӘДЕБІ
Сауда — тек дүниелік пайда табу жолы емес, ол — адам мен Алла арасындағы сенімнің бір көрінісі. Исламда сауда тек адал жолмен, әділдікпен және шыншылдықпен жасалуы тиіс....
Исламдағы отбасы ОТБАСЫЛЫҚ ҚАҒИДА ҚАЖЕТ ПЕ?
Ата-бабамыздан «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөз қалған. Расымен де, Отанның берік болуы отбасының бекемдігінен бастау алады. Өйткені ол – ең негізгі және ең маңызды әлеуметтік институт. Отбасының нақты қағидаларға сүйеніп, дамуы еліміздің де жүйеленіп, алға қарай қадам басуына тікелей әсер...
Мәнһәж ҚҰҚЫҚ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ислам дінінің Алла Тағала тарапынан адамзатқа түсірілуінің негізгі мақсаты адам баласының құқығының қорғалуы. Адам өмір сүруге, бас бостандығы, сөз бостандығы, білім алу мен табыс табу, не нәрсені иемдену мен әділдікке қақылы....
Пайым-парасат ҚОРШАҒАН ОРТА - ҚОРҒАНЫҢ
Адам мен табиғат — ажырамас егіз ұғым. Табиғат — тіршіліктің қайнар көзі, ал қоршаған орта — адамзаттың өмір сүру ортасы, демі мен тынысы. Сол себепті табиғатты қорғау, оны аялау — әр адамның адамдық борышы....

Отзывы читателей (0)

Интересные материалы

Пайым-парасат ҚАРИЯЛАР – ДАРХАН КӨҢІЛ ӨЛШЕМІ
Қазақ халқының болмысында қарияға деген құрмет пен ізет – ұлттың рухани тірегіне айналған асыл дәстүр. «Қариясы бар үй – қазыналы үй» деп бекер айтылмаса керек. Өйткені қария – елдің өткенін көрген, бүгініне бағыт беріп, болашағына бағдар сілтер рухани шамшырағы. Ұлттың шежіресін, елдің тарихын, хал...
Пайым-парасат АНАНЫҢ КӨҢІЛІ – БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ...   
Қазақ халқының мақал-мәтелдері – ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тәжірибесі мен ұлттық дүниетанымның айнасы. Солардың ішінде «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» деген мақал адам мен қоғам арасындағы ең іргелі моральдық қатынастардың, аналық махаббат пен ұрпақ жауапкершілігінің  терең...
Пайым-парасат АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ КӨЗДЕРІ
Жеке адам болу дегеніміз — тұлға болып қалыптасуда бойына сіңірген игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. ...
Пайым-парасат РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуы жолында рухани жаңғырудың маңызы ерекше. Ұлт болып қалыптасу үшін ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жаңаша көзқараспен бағалау қажет. ...
Пайым-парасат ИМАНДЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: ЕКІ ҚАНАТТЫ РУХАНИЯТ
Имандылық пен ұлттық тәрбие – бұл қазақ халқының сан ғасырлық рухани өмірінің қос қанаты. Бірін-бірі толықтырып, өзара қабыса дамыған бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырып, қоғамды біріктіріп келген. ...
Пайым-парасат ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН РУХАНИ КЕЛІСІМ ЕЛІ
Бейбітшілік – адамзаттың ғасырлар бойғы аңсаған арманы, рухани үйлесім мен тұрақты дамудың кепілі. Бұл ұғым тек соғыстың жоқтығы ғана емес, ол – адамдардың еркін өмір сүруі, діни сеніміне, мәдениетіне, тілі мен ұлтына құрметпен қарау, әртүрлі пікірлерге төзімділік таныту....
свернуть
Календарь
Хиджра
22 Джумада-авваль 1448
Григорианский
02 ноября 2026
Время намаза
Сейчас

Зухр 11:39

Время до Аср 00:52

Является ли игра на домбре харамом?

Я полностью разделяю ваше прагматичное стремление легализовать домбру в контексте современной казахс

Крафтер Кудабай
2 шіл. 2026

27 мая в 6:00 в 56 мечетях Алматы состоится праздничный айт-намаз

Уалейкум ассалам! В этом году такого не было.

Администратор Azankz
27 мам. 2026

Урок 6: Обстоятельства, нарушающие омовение

Синяя кнопка в правом нижнем углу "Вопрос устазу".

Администратор Azankz
16 сәу. 2026

Время таравих намаза

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух, жамағатКак вы знаете, садака джария - милостыня с на

X
22 ақп. 2026

Первый таравих намаз - 18 февраля

Уалейкум ассалам. Да, в Казахстане вопросами наблюдения за луной в контексте определения начала лунн

Администратор Azankz
19 ақп. 2026
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi