Ораза айт мейрамы құтты болсын! Бас имам Төлеби Оспан - Бейне жазба
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Ораза айт мейрамы құтты болсын! Бас имам Төлеби Оспан

Ассалаума ғалайкум, ардақты ағайын! Қадірменді мұсылман қауым! Отыз күн оразадан соң тойланатын айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Ораза айты қасиетті Рамазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құлшылығымыздың қуанышы мен жемісі.


Имам әл-Бағауи (р.х.): «Екі айт (мереке) күндерінде қуаныш таныту діннің рәміздеріне жатады! Әрі бұл күндер басқа күндер сияқты емес!», - деп айтты.


Сіз бен біздің қолданысымыздағы «айт» сөзi – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. 


Ораза айтын тойлау бір құлшылық. Мұсылман мейрамдарының басты ерекшелігі неде? Ол – көңіл көтеретін мерекенің өзін Аллаға шүкір етумен, көпшілік болып Құдайға құлшылық етумен бастауында. Демек, ораза айт – мұсылмандар үшін ерекше мейрам болуымен қатар Жаратқанға жақындататын құлшылық.


Айт күні ең әуелі не істейміз? Әбу Сағид әл-Худри айтады: «Алла елшісі (с.ғ.с.) ораза айт пен құрбан айт күндері намаз оқылатын жерге қарай шығып, ең әуелі намаз оқитын. Сосын орнынан тұрып, жүзін адамдарға бұратын. Адамдар сап құраған орындарында отыра беретін. Алла елшісі (с.ғ.с.) сосын оларға уағыз айтып, өзінің әмірлерін жеткізетін», - деген. Демек, біз де бұл күнді мерекелік намаз оқумен бастаймыз. Ардақты алматылық ағайын! Алматы қаласындағы мешіттерде Ораза айт намазы 02 мамыр күні – таңғы сағат 07:00-де оқылады. Пітір садақасын әлі беріп үлгермеген кісілер айт намазына дейін беріп үлгергендері жөн.


Құрметті жамағат! Бұл – араздасқан адамдар татуласып, туысқандық байланысты күшейтетін мейрам. Алла Тағала Құранда: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр», - деп (Ағраф, 199) мұсылмандарды барынша кешірімді болуға шақырған. Сол себепті, ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да айт күндері аса маңызды. 

 

Ораза айтқа құрмет – тақуалықтың белгісі


Ғалымдар: Айт – Исламның қадір тұтқан қасиетті белгілері және ең ұлы көркем бейнесі. Оны құрметтеу – жүректегі тақуалықтың белгісі деп мына атты келтірген. Алла Тағала: «Кімде-кім Алланың нышандарын (белгілерін) ұлықтаған болса күдіксіз бұл жүректегі тақуалықтан», - деп айтты. Сондықтан біз бұл күндері барынша көтеріңкі көңіл-күйде болып, айт мерекесін имандылық сән-салтанатына сай атап өтуге тырысқанымыз жөн.    
Айт күндері қандай амал жасаған абзал?


Ең әуелі ғұсыл құйынып, яғни бой дәрет алып, иіс су себініп, әдемі және таза киімдерімізді киіп айт намазын оқу үшін мешіттерге бет аламыз. Мешітке барғанша жол-жөнекей іштей «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә иләәһә иллаллаһу уаллааһу әкбар. Аллаһу акбар уа лиллааһил хамд» деп тәкбір ташрих айтып барамыз. Айт күндері мұсылман адам ең жақсы киімдерін киіп шыққаны жөн. Пайғамбарымыз үмметіне екі айтта әдемі киінуді, жұпар иіс себуді өсиет еткен. Бұл күні айт намазына барған жолынан өзге жолмен үйіне қайтқан абзал. 


Пайғамбардың көзін көрген сахабалар айт күні кездескенде бір-бірлеріне: 


تَقَبَّلَ اللَّهُ مِنَّا وَمِنْك

«Алла бізден де сізден де қабыл етсін!», - деп айтатын», - деп айтатын болған екен. Біз де «айт қабыл болсын!», «айт құтты болсын!» деген сөздермен мерекеде бір-бірімызді құттықтаймыз. Ендеше, айт күндері көңілді болып, бір-бірімізге жылы лебiздерiміз бен игі тiлектерiміз арнай білейік.


Содан соң айттау басталады. Жалпы айт мейрамында ата-ана, науқас жандар, туған-туыстар, достарымызға барып қал-жағдайларын сұрау, сыйлық жасау, марқұмдарға құран бағыштау – үлкен сауап iс екендігін ұмытпайық. 
Өздеріңізге белгілі, әр қоғамда ерекше көңiл бөлудi талап ететiн жандар бар. Мерекелерде оларға айрықша көңiл бөлу мұсылмандардың бір мiндетi. Өйткенi, олар көмек пен жылы лебiзге қоғамдағы аса мұқтаж жандар. 
Хадисте: «Жесiр әйелдiң және кедейдiң бiр күндiк нәпақасын көтеру үшiн жүгiрген мұсылман Алла тағала жолында соғысқан мұжтаһид сияқты немесе түнiмен намаз оқып, күнi бойы ораза ұстаған кiсi тәрiздi!», - деп сүйіншілейді. Сол себепті, ораза айт мерекесін көп балалы және жалғыз басты аналар мен әр түрлі санаттағы мұқтаж жандар мен қарияларымыз сезінуі үшін оларға да көмектесуіміз, көңіл бөлуіміз сауапты амал.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 


تَهَادُوا تَحَابُّوا

«Сыйлық беріңдер, араларыңда сүйіспеншіліктерің артады», – деген. Алла Елшісіне сыйлық берiлгенде – сыйға сыймен қайтарым жасап отырған екен. 
Жақындарымызға әсіресе, балаларға айт күндері сыйлық берудің мән-мағынасы өте зор. Бұл оларға айт мерекесін мереке ретінде сезінулеріне және есте қалуына әсер етеді.
Айт намазының алдында және одан кейін нәпіл намаз оқылмайды. Ал, үйге келген соң екі ракағат нәпіл намаз оқу мұстахаб. 
 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 


مَنْ صَامَ رَمَضَانَ ثُمَّ أَتْبَعَهُ سِتًّا مِنْ شَوَّالٍ، كَانَ كَصِيَامِ الدَّهْرِ

«Кімде кім Рамазан айының оразасын ұстап, содан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп сүйіншілеген. Ораза айттың алғашқы күні ораза ұстауға болмайды. Екінші күнінен бастап, Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде ұстауға болатыны секілді қатарынан ұстауға да рұқсат.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу»,-дейді. Сонда Хақ Тағала: «Періштелерім! Менің құлдарым оларға міндеттеген парызымды орындап, Маған дұға ету үшін айт намазына шықты. Өзімнің құдіреттілігім, ұлықтығым, жомарттығым, жоғары мәртебе және дәрежеммен ант етемін! Мен олардың дұғасын қабыл етемін!»,-деп кейін пенделеріне: «Қайта беріңдер! Мен сендердің күнәларыңды кешіріп, жаман істеріңді жақсылықпен ауыстырдым», - дейді. Осыдан соң адамдар күнәлары кешірілген халде қайтады».


Мінекей, ораза ұстаушы жан осылайша Жаратушы Иеміздің арнайы сыяпатына кенелумен рамазанды олжалы аяқтайды. 


Ардақты ағайын! Рамазан – бізге нәпсіні тізгіндеуді үйретті. Өзгеге көмектесуді үйретті. Рамазан – бізді құранға ғашық етті. Сағаттап құлшылық жасауға тәрбиеледі. Рамазан – бізге сабырлы адамның бейнесін көрсетті. Райяан қақпасын қағармыз деген үміт сыйлады. Рамазан – Жаратқанның Өзі ғана өлшеп беретін сауапқа жетеледі. Рамазан арқылы Жаратқанға жақындауға тырыстық.


Ендеше, ораза ұстаған бауырым, рамазаннан кейін осы асыл қасиеттерді бойымызға сіңірген қалпымызда қалуға тырысайық! Құран – әрқашан айнымас досымыз болсын. Сабыр – әрбір жетістікке жетуге, әр шыңды бағындыруда жәрдемшіміз болсын. Жомарттық – мұқтажға көмек қолын созуға жетелесін. Бойымыздағы күш-қайрат елді елдестіруге, жақсылық жасауға жұмсалсын. Білім-парасатымыз – Алланы тануға, жағымды жаңалық ашуға арналсын. Батырлығымыз – әлсізге күш көрсетуге емес, оларға қорған болуға бағытталсын. Рухани жаңғыруға жол ашқан Рамазанмен қайта қауышуды Алла Тағала баршамызға нәсіп еткей! Ораза айт мерекесі құтты болсын, ағайын! 
 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Теги:

Оқырмандардың пікірі (0)

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi