БАС МҮФТИ: ЕЛДІГІМІЗДІ КӨРСЕТІП, ЕҢСЕМІЗДІ ТҮСІРМЕЙІК (ВИДЕО) - Бейне жазба
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

БАС МҮФТИ: ЕЛДІГІМІЗДІ КӨРСЕТІП, ЕҢСЕМІЗДІ ТҮСІРМЕЙІК (ВИДЕО)

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Аса Қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірлі қауым!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде болған жағдайларға байланысты Қазақстан халқына үндеуін жариялап: «Біздің тарихымыздағы осы бір қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоқ. Ең бастысы, болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек. Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі. Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын» деп атап өтті. Президентіміздің халыққа жолдаған Үндеуі еңсесі түскен елдің рухын көтеріп, жұртымыздың жігерін оятты. Қасым-Жомарт Кемелұлы сын сағатта сабыр сақтап, ұстамдылық танытқан ұлтымызға айрықша алғысын білдірді.

Осы ретте біз де бірлігін көрсеткен барша жамағатқа ризашылық білдіреміз. Осы күндерде, яғни халқымыздың басына күн туған шақта мұсылман жамағаты елдің бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасауда. Сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан тағы басқа елдердегі дін қайраткерлері жұма намазында біздің халқымыз үшін дұға етіп, игі ниеттерін білдіруде. Алла разы болсын! Алла Тағала бұл сынақтан да аман өтуді нәсіп етсін.

Құрметті жамағат!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тұрғындарын қазіргі жағдайға байланысты жалған ақпараттар мен жалған ұрандарға алданып, арандап қалмауға үндейді. Біз үшін дәл қазіргі уақытта елдің амандығы, жұрттың тыныштығы қымбат.

Мұсылман қай кезде де бейбітшілікті, тыныштықты, татулықты өзіне серік етеді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Нағыз мұсылман – өзге мұсылмандарға тілімен де, қолымен де зиян тигізбеген адам» деген болатын. Сондықтан бәріміз үшін осындай сын сағатта мемлекетіміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы, тәуелсіздігіміздің баянды болмағы маңызды.

Алла Тағала Құранда «Бақара» сүресінің 191-аятында былай дейді: «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр іс».

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Фитна (бүлік шығару) – ұйықтап жатқан нәрсе, оны оятқанға Алла қарғыс атсын», – деген.

Өйткені бүліктің соңы жақсылыққа алып бармайды. Мұндай бүліктер елдің тыныштығын, қоғамның тұрақтылығын бұзады.

Сонымен қатар, бүліктің салдары қоғамға, мемлекет экономикасына кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде зардабын мемлекет пен халық тартады. Ал мұсылман адам қоғамға зиянын емес, пайдасын тигізуі керек.

Ардақты ағайын!

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шеруге қатысудың үкімі жайында пәтуа қабылдады. Шеру кезінде мемлекет пен жеке тұлғалардың жылжыйтын және жылжымайтын мүліктеріне зиян келтірілмеу (жағу, сындыру, тонау т.б.) керек.

Шерудің соңы бүлікке, арандатуға алып барса, ондай шеруге шығу – үлкен күнә, харам.

Біз қашан да Ислам діні тыныштық орнаған қоғамда ғана өркендейтінін насихат жұмыстарында айтып келеміз. Өздеріңізге белгілі, елдің қауіпсіздігі үшін мешіттерімізде жұма намазын оқуға шектеу қойылды. Халқымыз елде тұрақтылық болған кезде ғана еркін құлшылық жасауға болатынын түсініп, осы жағдайлардан сабақ алды деп ойлаймын.

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Кемелұлы тәуелсіздігімізге қатер төнген сын сағатта шұғыл шешім қабылдап әрі батыл қадамға барып, содырлардың озбырлық әрекетінен елімізді аман алып қалды. Аллаға шексіз шүкір айтамыз.

Жаратушы Жаббар Иеміз Отан алдындағы борышын өтеу кезінде опат болған сарбаздарымызды мейіріміне бөлеп, иманын өзіне серік еткей. Марқұмдардың туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Ал жарақат алған жандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз.

Ендігі мақсат – елдігімізді көрсетіп, халық болып, Президентіміздің бастамаларына қолдау көрсетіп, ынтымағы мығым жұрт екенімізді тағы да әлемдік қауымдастық алдында паш ету. Елдігімізді көрсетіп, еңсемізді түсірмейік. Бірлігі мықты еліміздің тәуелсіздігіне ешкім де нұқсан келтіре алмайды. Біз - біргеміз!

Алла Тағала елімізге  амандық, халқымызға тыныштық нәсіп етіп, тәуелсіздігімізді баянды еткей. Әмин!

Теги:

Оқырмандардың пікірі (0)

Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi