53-дәріс: "Бақара" сүресі: 76-77-аяттар - Құран тәпсірі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Дәрістер топтамасы

53-дәріс:

53-дәріс: "Бақара" сүресі: 76-77-аяттар

Жарияланатын күндер
31 нау. 2021 3 155 0
Скачать в pdf
| A | +

 

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА


 

Құрметті бауырлар, ардақты жамағат! Аллаһ Тағала бүгінгі біздің мәжіліс-сұхбатымызға береке берсін, Өзінің құзырында мақталған, періштелері қоршалған, рахымына бөленген мәжілістерден қылсын. Әрине, біздің сәрсенбілік дәрісіміз Аллаһ Тағаланың Кәлямының аясында жалғасуда.

 

Бүгінгі кезекті аят, «Бақара» сүресінің 76-77- аяттары. Аллаһ Тағала былай дейді:

 

وَإِذَا لَقُوا الَّذِينَ آمَنُوا قَالُوا آمَنَّا وَإِذَا خَلَا بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ قَالُوا أَتُحَدِّثُونَهُمْ بِمَا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ لِيُحَاجُّوكُمْ بِهِ عِنْدَ رَبِّكُمْ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

أَوَلَا يَعْلَمُونَ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ

 

Бұл «Бақара» сүресіндегі бір аятта мунафиқтар жөнінде де және яхудилер жөнінде де әңгіме болатын аят. Бірінші Аллаһ Тағала мунафиқтар жөнінде айтып бастайды:

 

وَإِذَا لَقُوا الَّذِينَ آمَنُوا قَالُوا آمَنَّا

 

Біз мунафиқтар жөнінде, «Бақара» сүресінің алдыңғы аяттарында біраз айтқан болатынбыз. Міне солар жөнінде, имам Куртубидің айтуы бойынша бұл аят келіп тұр:

 

«Қашан олар иман келтіргендермен, момын мұсылмандармен кездесетін болса, олар жәй ғана «Біз иман келтірдік» деп сөзбен айтады».

Сосын:

وَإِذَا خَلَا بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ قَالُوا أَتُحَدِّثُونَهُمْ بِمَا فَتَحَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ

«Олар қашан өзара, бір-бірімен жеке қалғанда».

 

«Халя» деген сөз «жеке қалу, жалғыз болу» дегенді білдіреді. Сондықтан бізде шариғатта «хальуа» деген сөз, термин бар. Яғни адамның жалғыз қалып, жекеше құлшылық етуі. Сол секілді біреумен жеке қалу «хальуа» деп аталады. Қажет болса арабтар «байталь халя» деп адамның өзінің, жеке басының қажеттілігін өтейтін орын, әжетхананы солай айтады. Яғни, «халя» деген жеке қалу.

 

Енді бұл жерде «өзара, бір-бірімен жеке қалғанда» деп кімдер жайлы айтылған? Біздің тәпсір ғұламаларымыз айтады мунафиқтар жөнінде, және яхудилер жөнінде де Аллаһ Тағала айтып отыр.

 

«Олар қашан өзара, бір-бірімен жеке қалғанда, олар осылай сөйлесе бастайды: «Сендер ол момын мұсылмандарға өздеріннің кітаптарында Аллаһ Тағала айтып қойған, үкімін беріп қойған мәселе бойынша айтып жатырсындар ма?».

 

Ол да болса, біздің Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ хабары. Яхудилердің кітабы «Тауратта» Пайғамбарымыз ﷺ жөнінде ақпарат келген. Яхудилердің ғұламалары өзара жеке қалғанда, осы мәселе жайлы айтып жатыр. Бұл нені білдіреді? Яхудилер өздері жеке қалған уақытта біздің Пайғамбарымыз ﷺ Аллаһтың Елшісі екенін олар жақсы білді. Олар Пайғамбарымызды ﷺ жақсы таныды. Қажет болса, Пайғамбарымыз ﷺ жеке кездескен уақытта, олар артық әңгіме ешқашан айта алмайтын. Пайғамбарымыз ﷺ ренжітетін сөзді айта алмайтын, оны балағаттай алмайтын.

 

Имам Аль Куртуби өзінің тәпсірінде мына бір оқиғаны риуаят етеді:

 

Хайбар - ол Пайғамбарымыз ﷺ кезінде болған, яхудилерге қарсы үлкен бір жорықтардың бірі. Хайбар, ол қазіргі араб түбегіндегі жердің аты. Сол уақытта ол жерді яхудилер мекендеген. Оларды жазалау үшін, Пайғамбарымыз ﷺ сол Хайбарға олардың өздерінің табансыздықтарынан кейін жорыққа шықты. Сөтйіп Хайбарда үлкен ғазауат болды. Міне, осы уақытта Хазрет Али Құрайзамен (Құрайза деген – сол уақыттағы яхудилердің бір тайпасы) келіссөздер жүргізе бастайды. Сол уақытта Пайғамбарымызды ﷺ сөгіп жатқандарын естиді. Сөйтіп Пайғамбарымыз ﷺ-ға келеді де, былай дейді:

 

«О Алланың Елшісі, оларға бармай-ақ қойшы. Олар сен туралы өте жаман айтып жатыр. Қазір сізді ренжітеді», деген секілді сөздерді айтады.

 

Яғни, сол мәселе жайлы жайлап, білдіргендей болады. Сол уақытта Пайғамбарымыз ﷺ, әрине Алланың уахиымен, Жәбрәил (а.с.)-ның көмегімен, әрдайым көп жағдайды біліп отыратын. Алланың Елшісі Хазрет Алиге қарады да, былай деді: «Сен олардың мені сөккенін естіген сияқтысын ғой. Егер олар мені көретін болса, тікелей кездесетін болса, олар мені сөге алмайды, тоқтап қалады».

 

Сөйтіп барып, Құрайза тайпасымен Пайғамбарымыз ﷺ келіссөз жүргізу үшін өзі барды. Сосын Пайғамбарымыз ﷺ оларға басқа арабтар білмейтін, тек Пайғамбарымызға ғана мәлім ақпаратты айтты: «Сендер адамнан, Алланың қаһарына ұшырап, маймылға және доңызға айналып кеткендердің бауырысындар, сондай қауымның ұрпағысындар. Сендер келісім-шартты бұздыңдар ғой», дейді.

 

Яғни бұлар Пайғамбарымыз ﷺ-мен келісімшартқа отырған болатын. Сол келісім-шартты олар бұзды. Сол себептен Пайғамбарымыз ﷺ Хайбарға әскери жорықпен, оларды жазалау үшін шыққан болатын. «Аллаһ Тағала сендерді қор қылсын, сендерге Өзінің жазасын түсірсін», деді.

 

Сол уақытта, Бану-Құрайза өкілдері айтты: «О Мұхаммад, сен ешқашан надан болған емессің. Бізге ауыр сөз айтпасайшы. Ол сөзді саған кім айтып берді? Бұл әңгімені, біздің бабаларымыздың ішінен белгілі бір қауымның Аллаһ Тағаланың жазасына ұшырап, маймылға немесе доңызға айналып кеткенін тек қана біз білетін едік. Бұны саған кім айтты?», деген секілді әңгімелерді айтқан болатын.

 

Яғни, бұл жердегі айтатын мәселе, бұлар Пайғамбарымыз ﷺ-ның Алланың Елшісі екенін жақсы білді. «Тауратта» Пайғамбарымыз ﷺ жөнінде арнайы келетін сөз бар. Муса (а.с.)-ға айтылады: «Осындай өзіннің бауырларынның арасынан шығатын, саған ұқсайтын бір Пайғамбарды шығарамын. Сосын оған Мен Өз сөзімді үйретемін және оған үйреткен Менің барлық өсиеттерімді ол адамдарға жеткізетін болады», деп арнайы Муса (а.с.)-ға Аллаһ Тағаланың тарапынан айтылған сөз бар.

 

Яғни бұны зерттей келе, біздің ғұламаларымыздың барлығы Муса (а.с.)-ға Иса Пайғамбарға қарағанда, біздің Мұхаммед Пайғамбар ﷺ көбірек ұқсайды деген тұжырымдамаға келген болатын. Муса (а.с.)-ның жәй ғана туылуының өзі Мұхаммед Пайғамбар екеуінде сәйкес келген.

 

Міне, бұлар осы «Тауратта» Муса (а.с.)-ға айтылған сөзді жақсы білді. «Сендерге Аллаһ Тағала Кітапта айтты ғой. Соны айтпақшысындар ма?». Яғни, жанағы Пайғамбарымыз ﷺ көре тұра мойындамайтын, кейбір яхудилердің арасындағы ғұламалары осылай жауап берді: «Осы біздің кітабымызда (Тауратта) келген ақиқатты ертең Аллаһтың алдына барғанда алдымызға тартады. Сөйтіп бізбен дауласады».

أَفَلَا تَعْقِلُونَ

«Сендер соны да түсінбейсіңдер ме?».

 

Яғни біздің тәпсір ғұламаларымыздың түсіндіруі бойынша бұл сөз «Ақылға келмейсіндер ме?» деген мағынада айтылған. Бұл момын мұсылмандарға да, яхудилерге де айтылған сөз.

 

Әрине момын мұсылмандарға: «Сендер ол яхудилердің, мунафиктердің иманынан үміттенесіндер. Олар осы ақиқатты өздерінің кітаптарында көріп отыр, сендердің Пайғамбарларынды анық көріп отыр, оның сипаттарының барлығын, жағдайының барлығын өздерінің кітаптарынан оқып отыр. Солай бола тұра, осындай қарсылық көрсетіп, табансыздық жасап жатыр. Сондықтан олардың иманға келмейтіндігін неліктен ұқпайсыңдар? Соны сендер түсінсеңдерші», деп момын мұсылмандарға айтылып отыр.

 

Енді екінші тарап, ол яхудилерге арналған екен. Біздің тәпсір ғұламаларымыз, имам Ар-Рози айтады:

 

«Бұл жерде яхудилерге де айтылып отыр. Яғни, сендер ақиқатты білесіңдер, өздерінің кітаптарында соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің барлық сипаттарын оқып отырсыңдар, солай бола тұра, ертең мұсылмандардың сол ақпаратпен сендерге қарсы тұратынын, Мұхаммед ﷺ туралы айтылған сөзді алға тартып, сендермен дауласатынын, Раббыларынның құзырында, ақіретте, біле тұра, иманға келмейсіңдер ме? Ақылға келмейсіңдер ме?», деп яхудилерді де белгілі бір деңгейде жазғыру, деп тәпсірлейді имам Ар-Рози.

 

Келесі, 77-аят:

 

أَوَلَا يَعْلَمُونَ أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَ

Осыдан кейін Аллаһ Тағала ескертіп жатыр:

 

«Олар білмейді ме? Аллаһ Тағала олардың көкейлерінде жасырғанын да және жариялағанын да жақсы біледі ғой».

 

إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ

 

«Аллаһ Тағала біздің көкейлерімізде не жатыр, не ойлап отырмыз, ниетіміз қандай, бәрін біледі». (35:38)

 

Аллаһ Тағаланың Білімі осыншалықты шексіз. Міне, осы нәрсені Аллаһ Тағала яхудилерге және мунафиктерге қатысты қылып, жасырып айтып отыр. Бұл жерде бір жағынан сол кездегі осындай табансыздыққа, қарсылыққа барған яхудилер мен мунафиктарға қатысты. Яғни, Аллаһ Тағала:

 

«Олар білсін, Аллаһ Тағаланың Мұхаммед Пайғамбар ﷺ жайлы ақпаратты жасырғанын. Іштеріндегі екі жүзділік жағдайды, сыртымен мұсылман болып, ішімен кәпір болып жүрген және олардың жәй ғана тілімен мұсылманшылықты айтып, бірақ ішімен иманға келмегенін Аллаһ Тағала жақсы біледі. Аллаһ Тағала оларды жазалауға әбден құдірет-күші жетеді», деген бір жағынан ескерту.

 

Екіншісі, біздің ғұламаларымыз айтады, осы аят арқылы оларды иманға, тәубеге, ақылға шақырып отыр:

 

«Сендер нені жасырсаңдар да, нені жарияласаңдар да, Аллаһ Тағала оның бәрін біледі. Сендердің көкейлерінде қандай ой-пікір жатқанын жақсы біледі. Сендердің барар басқа орындарын, жерлерін жоқ. Барлығымыз Аллаһтың құзырына қайтамыз. Барлығымыз Аллаһтың мүлкіміз және Аллаһқа қайтамыз». Міне, Аллаһ Тағала осыны ескертіп отыр.  «Сендер не істесеңдер де, нені жарияласаңдар да, нені жасырсаңдар да, Аллаһ Тағала баршасын біледі».

 

Бірде, бір кісі данышпанға келіп айтқан екен: «Мен байқамай күнәні жасап қоя беремін».

 

Сол кезде данышпан жанағы келген кісіге сұрақ қояды: «Аспанды, жерді кім жаратқанын білесің бе?».

 

«Әрине білемін. Аллаһ Тағаланың жері бұл, Аллаһ Тағаланың аспаны ғой».

 

«Сен онда Аллаһ Тағаланың жерінде, осындай аспанының астында тұрып, қалайша күнә жасайсын? Егер бір күнә жасауға, нәпсіге еретін бір жағдайға түсіп қалсаң, онда сен Аллаһ Тағаланың жерінен кетіп қал, Аллаһ Тағаланың аспанынан басқа жаққа көшіп кет. Солай барып жаса. Осы қағиданы өзінің бойына әбден сіңіріп ал. Сол кезде жағдайынды көрерсін», деген екен.

 

Шынымен де, былай қарағанда, біз Аллаһ Тағаланың жерінен басқа жерге, Аллаһ Тағаланың аспанынан басқа орынға кете алмаймыз. Біз Аллаһ Тағаланың әлсіз құлы, жаратылысымыз. Сондықтан Аллаһ Тағалаға қайтудан, иман келтіруден, құлшылық етуден, әмірлерін орындаудан, Пайғамбары ﷺ сүннетімен өмір сүруден басқа бізде жол шамалы. Оны біз жақсы білеміз. Басқа жолдың барлығы адасушылық, бізді құрдымға, бақытсыздыққа жетелейтінін біз жақсы білеміз.

 

Міне, дәл осы нәрсені, бұл аятта тағы бір ескертіп, айтып отыр яхудилер мен мунафиктерге: «Сендер ойламаңдар. Аллаһ Тағала бәрібір сендерді Өзінің әміріне, жазасына кіріптар қылады».

 

Аллаһ Тағала нифақтан, табансыздықтан сақтасын. Аллаһ Тағала ішімізбен де сыртымызбен де, шынайы, момын мұсылман болып, Аллаһ Тағаланың Разылығына лайықты болатын, Пайғамбары ﷺ шапағатына бөленетін үмметтен болуды баршамызға нәсіп етсін.

 

سبحانك و بحمدك، نشهد أن لا إله إلا أنت، نستغفرك و نتوب إلي

 

Тегтер Тәпсір

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi